Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мотошерушілер – Көкшетауда - АРҚА АЖАРЫ

Мотошерушілер – Көкшетауда

 Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық  мотошеру қатысушылары облыс орталығына келіп жетті.

Айта кетейік, «Kz Bike» қоғамдық бірлестігінің президенті, әлемге танымал байкер Дмитрий Петрухин бастаған делегация ат тұяғын тоздырған, құс қанатын талдырған ұлан-байтақ жерімізді мотоцикл-мен жүріп өту мақсатында тамыз айында Алматы қаласынан жолға шыққан болатын. Айналасы бір айдың ішінде Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Астана, Талдықорған, Петропавл, тағы басқа аймақтарда болып үлгерген мотошерушілерді көкшетаулықтар да ыстық ықыласпен қарсы алды. Меймандар алдымен облыс орталығының басты көшелерімен шерулетіп жүріп өтіп, Тәуелсіздік алаңында ұйымдастырылған салтанатты жиынға қатысты.  
Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаева киелі Көкше жерінде тарихи тұлғалардың дүниеге келгендігін, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына ақмолалықтар да өз үлестерін қосып жатқандығын айта келе, қонақтарға зор ризашылығын жеткізсе, ел ағасы Мейрамбек Қиықов ақ батасын арнады. Делегация жетекшісі Дмитрий Петрухин ақмолалықтарға ұлы тойдан естелік ретінде патриоттық жалауды сыйға тартты. Ендігі кезекте Қостанайға бағыт алған мотошеру келер айда Тараз қаласында өз мәресіне жетпек.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар