Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған, көпбалалы және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды жаңа оқу жылына дайындауға мүмкіндік берген «Мектепке жол» акциясы әлі жалғасын табуда.
Акцияға шағын және орта бизнес өкілдері, шаруа қожалықтары, мемлекеттік ұйым, мекемелер белсене қатысуда. Мектеп-лицейіміздің оқушыларына осы акция бойынша көрсетілген көмек мөлшері 291100 теңгені құрады. Бұл қаражатқа шәкірттерге мектеп формалары, оқу құралдары мен сыртқы және спорттық киімдер сатып алынды. Осы орайда, мұқтаж балаларға көмек қолын созудан шет қалмаған қалалық мәслихаттың депутаттар тобы, «Айша», «Алатау» дүкендері, бірқатар ата-аналар мен мектеп түлектерін ерекше атап өткен абзал. Аталған білім ордасының директоры Ләззәт Мұқажанова өз кезегінде бұған ризашылық білдіріп, жомарт жандарға алғысын жеткізуде. Балалардың жазғы каникулда асыға күткен мектептеріне тарықпай баруына белсене қол ұшын берген жанашыр жандардың осы қайырымдылық қасиеті басқаларға да үлгі болғай демекпіз.
Қарлығаш ТЫЛЛЫБАЕВА,
С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы
мектеп-лицей қызметкері.
Степногорск қаласы.