Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмысына мығым жігіт - АРҚА АЖАРЫ

Жұмысына мығым жігіт

«Көкшетау су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны тәулігіне 21 мың текше метр ауыз су тұтынатын облыс орталығының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Тәулік бойы ауыз су және кәріз жүйелерінің мәселесі бойынша тұрғындардың өтінімі қабылданып, уақытпен санаспайтын  жұмысшылар орын алған апатты қалпына келтіреді.

Бізді жылы жүзбен қарсы алған кәсіпорын директоры Зейнұр Әлібеков ұжымда 360 адам еңбек ететінін, оның 239-ы жұмысшы екенін атап өтіп, бізді 25 жастан енді асқан Дастан Оразовпен таныстырды. Әңгіме барысында оның 9 сыныптан кейін жұмысшы мамандығын таңдап, №1 кәсіптік лицейде оқығанын білдік. Ол бала кезінен пәтер ішіндегі санитарлық техниканы жөндеуге назар аударыпты. Ұлының еңбекқорлығын анасы Баян Жөкенова мақтан тұтты. Дастан лицейдегі ұстазы Николай Стрельцовтан газ және электрмен дәнекерлеуші мамандығының қыры мен сырын мұқият үйренді. Оның үстіне осы кәсіпорында өндірістік тәжірибеден өтті. 2008 жылы лицейді тәмамдаған жас түлек көп ойланбастан бірден «Көкшетау су арнасы» кәсіпорнында жұмыс істеуге тілек білдірді. Алғашында ол Виталий Власов пен Михаил Шакун сияқты тәжірибелі газ және электрмен дәнекерлеушілерден әртүрлі диаметрдегі құбырларды газбен дәнекерлеуді үйренді. Кейін қаланың сыртқы жүйелерінің апатын қалпына келтіруді игеріп алды.
Бірде облыстық аурухана маңындағы су құбыры жарылып, Дастан әріптестерімен бірге осы жерде қонып, тамақтанып, 4-5 тәулік жұмыс істейді. Ол қыстың қытымыр аязында, жаздың аптаған ыстығы мен жауынында ашық аспан астында жұмыс істеуге әбден үйренген. Апатты қалпына келтіру бригадасының алпыс жасты алқымдаған слесарі Александр Хохлов өз сөзінде Дастанмен бірге 4 жыл жұмыс істейтінін, өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтынын атап өтті.
–Дастанның әкесі дәрігер. Бірақ, ол жұмысшы болуды қалады. Өзінен үлкендерді көп тыңдап, біраз тәжірибе жинақтады. Әрдайым өзгеге қол ұшын созуға дайын тұрады. Уақытпен санас-пай еңбек етіп жүр, – дейді ол. Кәсіпорында еңбеккерлердің орташа еңбекақысы 60 мың теңгені құрайды. Оның үстіне демалыс уақытындағы жұмыстарының еңбекақысы қосылады. Демалыс пен мереке күндері тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады. «Жайлау» шағын ауданын және Краснояр селосы мен станция кентін сумен қамтамасыз ететін су сорғыш станцияларының жұмысы ұялы телефон байланысы арқылы басқарылады. Диспетчер компьютерден су құбыры жүйесінің қысымын көріп, автоматты түрде реттеп отыратын көрінеді. Сондай-ақ, компьютерден апатты жағдай, кәсіпорындағы арнайы автокөліктердің қозғалысы бақыланып, электр қуаты мен су шығыны есепке алынады. Бұл жүйе уақыт, жанар-жағармай мен электр қуатын үнемдеуге ықпалын тигізіп отыр. Үнемделген қаржы ұжым мүшелерінің өзге де қажеттіліктеріне жұмсалуда.
2010 жылы Дастан мен Самал қол ұстасып, отбасын құрды. Жасмин есімді қыздарын мәпелеп өсіруде. Жұбайы мемлекеттік кіріс басқармасының маманы. «Шебердің қолы ортақ» демекші, Дастанға жұмыс ұсынатын жандар жетерлік. Олардың бәрі оның сапалы жұмысына алғыстарын білдіріп жатады.

 

Рамазан ТІЛЕУОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар