Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жанарға жарық нұр сыйлаған - АРҚА АЖАРЫ

Жанарға жарық нұр сыйлаған

Көз – адам жанының айнасы. Ең ауыр сырқаттың бірі – мына жарық дүниенің әсемдік пен сұлулыққа толы екенін көре алмай қалу. Облыстық аурухана жанындағы офтальмология бөлімшесінің дәрігерлері мұндай науқастарға дәрі-дәрмекпен қана ем жасап қоймайды, сонымен қатар, олардан жылы сөздерін де аямайды. Медбикелер де көз жанары мүлде төмендеп кеткен науқастарға манипуляциялық және жедел медициналық ем-шаралар жүргізілгеннен кейін, олардың жүріп-тұруларына көмектесіп, қол ұшын беруге бар күштерін  салуда.  
Аталмыш офтальмология бөлімшесі 2000 жылы қала тұрғындарымен қатар, ауыл-аймақтан келетін науқастарға да шұғыл және жоспарлы ем-шаралар жүргізу үшін ашылған. Бөлімшеде глаукома, катаракта, көз талшығының атрофиясы сияқты көз ауруларының ауыр түрлеріне дейін ем жүргізіледі. Сондай-ақ, мұнда балалар мен жасөспірімдер де ем қабылдайды.
Бөлімше заманауи ем жүргізу диагностикалық құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Мұнда компьютерлік периметрия, бақылаусыз тонометрия, көз торларының когуляциясына арналған лазер, көзге арналған ультра дыбыстық зерттеу аппараты бар. Ота жасайтын орын отаның жүргізілу кезінде көздің құрылымын бақылап отыруға арналған қазіргі заманғы бейнетіркеуіш микроскоппен де жабдықталған.  
Бөлімше дәрігерлерінің ішінде Рахия Кәрімованың орны ерекше. Ол өз ісінің  білгірі, бар ғұмырын медицинаның офтальмология саласына  арнап келе жатқан жан. Науқастардың көз жанарын емдеп, мына жарық дүниенің шұғылалы сәулесін көрсету үшін талай жыл ерінбей еңбек еткен ақ халатты абзал жан бірнеше мәрте облыс әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапатталған. 2014 жылы оған «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісі табыс етілді. Бойында қарапайымдылықтың тұнып тұрғаны сонша, «мен үшін науқастардың алғыстары мен жылы сөздерінен артық марапат жоқ» деп күлімдеуден бір танбайды.  2000 жылдан бері денсаулық сақшысы облыстық аурухананың көз микрохирургиясы орталығында балалар офтальмологы болып жұмыс істеуде. 2014 жылдан бастап облыстағы штаттан тыс бас офтальмолог. Өзінің көп жылғы еңбек тәжірибесі мен оқыған-тоқығанын жас мамандарға үйретіп, оларға қолғабыс көрсетуден  жалыққан емес. Әріптестері оны адам баласына деген сыйластық қарым-қатынасы, әділдігі мен шынайылығы, жауапкершілігі мен кәсіби шеберлігі үшін құрметтеп, әрдайым мақтан тұтады.

Берік НҰРҚАНОВ,
облыстық аурухананың
офтальмология бөлімшесінің меңгерушісі,
Жанар КАИМОВА,
аға медбике

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар