Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қос мереке мәртебесі - АРҚА АЖАРЫ

Қос мереке мәртебесі

Еңбек күні    Машина жасаушы күні

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді дәстүрге айналған жарқын мереке – Еңбек күнімен шын жүректен құттықтаймын. 2013 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген, қыркүйек айының соңғы жексенбісінде аталып өтілетін халықтық мейрам егемен еліміздің табыстарын паш етеді. Бұл барлық қазақстандықтардың, өзінің әр күнгі адал еңбегімен туған еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып келе жатқан адамдардың қастерлі мерекесі.
Үстіміздегі жылы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бес институционалды реформасын жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын жариялап, еңбекке ақы төлеудің жетілдірілген үлгісін ұсынды. Бүгінгі күні біздің аймақта 422 мыңнан астам тұрғындар еңбек етуде. Әлемдегі экономиканың күрделілігіне қарамастан, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай аймақта ірі, шағын және орта кәсіпорындармен бес мыңға жуық меморандумға қол қойылып, 90 мыңнан астам жұмысшы орны сақталып отыр.
Ұлт көшбасшысының сындарлы саясатының арқасында облысымызда индустриалды секторды, ауыл шаруашылығын, шағын және орта бизнесті дамытудың кең көлемді жобалары жүзеге асырылуда. Кәсіби кадрлардың біліктілігі арттырылып, құрамының сапасы жақсартылып, білім саласында дуалді жүйе енгізілуде. Таяуда ғана облыс орталығында 7 бірдей ірі жобалар іске қосылды. Осының өзі-ақ бес жүзден астам қосымша жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.
Облысымыздың барлық еңбеккерлерін осы бір жарқын мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға адал да тындырымды еңбектеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Денсаулықтарыңыз мықты болып, еңбекте жаңа табысқа жете берулеріңізге тілектеспін.
Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.

 

 

 

Ардақты ақмолалықтар!
Сіздерді облыстағы депутаттар корпусының атынан Еңбек күні мерекесімен құттықтаймын. Еңбек – қасиетті ұғым. Ол ел бірлігіне, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың артуына қызмет етеді. Әрқайсымыз тиімді жұмыс істеп, Отанымыздың дамуына өз үлесімізді қоса білсек, онда болашаққа да қызмет етудеміз деп ұғынуымыз керек.
Осы бір жарқын мереке күні облысымыздың өндірістері мен өнеркәсіп орындарында, шаруашылықтың сан саласында аянбай жұмыс істеп жатқан баршаңызға өз ризашылығымды білдіремін. Сол шаруаны тыңғылықты атқарып жүрген сіздерді мерекемен құттықтай отырып, ынтымақ пен бірлік тілеймін. Жемісті еңбек жорығындағы табысты күндеріңіз көбейе берсін!
Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы.

 

 

Қадірлі машина жасау саласының еңбеккерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, машина жасау өндірісі аймақтағы экономиканың маңызды саласы екендігін айтқым келеді. Жетекші сала өңірдегі өнеркәсіптің дамуы-
на өлшеусіз үлес қосып, ғылыми-техникалық және интеллектуалдық біліктілікті жетілдіре түсуде. Бүгінгі күні осы салада мол қарқын бар. Машина жасау саласы облыстағы өнеркәсіп өндіру көлемінің 18,7 пайызын қамтиды.
Аймақтағы жетекші кәсіпорындардың қа-тарынан «ЕПК Степногорск», «КамАЗ-Инжиниринг» акционерлік қоғамдары мен Атбасар электровоз жөндеу зауытын, «Қамқор-Локомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін атап айтуға болады. Осы ұжымдарда алты мыңнан астам адам еңбек етуде. Үстіміздегі жылдың соңында және жаңа 2016 жылдың басында аймақта осы салаға қатысты тағы да 5 жоба жүзеге асырылмақшы. Жаңа жобалар да салаға серпін беретіндігіне сеніміміз мол.
Біздің машина жасау саласындағы барша кәсіпорындарымыз инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, бәсекелестікке қабілетті жаңа өнімдерін елімізде және сыртқы аймақтарға шығарып, өңірдің экономикалық және техникалық дамуына үлкен үлес қосып келеді.
Құрметті жерлестер! Біз өзіміздің іс-әрекетіміз арқылы бірлігіміз бен ынтымақтастығымызды нығайтып,  жарқын болашақтың табысты күндеріне қарай қарышты қадам басып келеміз. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, бақыт, табыс тілеймін.     
Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.

 

 

Құрметті машина жасау саласының қызметкерлері мен ардагерлері!  
Машина жасау саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл сала еліміздің өнеркәсібінің негізін құрайды. Әрі өнеркәсіптің өзегі болып табылады. Осы салада жұмыс істейтін еңбеккерлер техникалық прогрестің дамуына, елдің өмір сүру жағдайының жақсаруына ықпал етеді.
Бүгінгі таңда облысымызда машина жасау кәсіпорындары бәсекеге қабілетті. Олардың шығарған тауарлары әрдайым сұранысқа ие. Өңірдегі сала мамандарының кәсіби шеберліктеріне, өздеріне тапсырылған кез-келген істі адал атқаратындықтарына, сол арқылы облыс экономикасын нығайтуға тиісінше ықпал ететіндіктеріне сенімдімін.
Кәсіби мереке күні Сіздерге мықты денсаулық, бақыт пен береке тілеймін. Қазақстан Республикасының игілігі мен гүлденуі жолында табыстан-табысқа жете беріңіздер!  
Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар