Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауылдағы еңбек мерекесі - АРҚА АЖАРЫ

Ауылдағы еңбек мерекесі

Даланың даналығын бойына жинаған батагөй қариялар «қызмет қыл халқыңа, еленер еңбек бір күні» деуші еді. Соңғы жылдары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы Жарлығымен Еңбек күні мерекесі өткізіле бастады.

Бірден айта кету керек, бұл мерекенің мән-маңызы өзгеше. Қай заманда, қай қоғамда болмасын адал еңбек әрдайым лайықты бағалануға тиісті. Бүкіл саналы ғұмырын еңбекке арнаған адамдардың бүгілген белі, төгілген тері оң бағасын алып, мерейі асқақтап жатса, өкшесін басып келе жатқан кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Біздің ауылдың негізгі мектебінде «Еңбек мерекесі – елдің мерекесі» атты онкүндік өткізілді. Елдегі әрқилы мамандық иелері, оның ішінде озаттары мектеп оқушыларымен кездесіп, дөңгелек үстел басындағы тәлім-тәрбиелік мәні мол жылы жүзді жүздесулер өткізілді. Ел іші болған соң еңбегі елеулі адамдар көп. Тоғанас ауылының тұрғындарының арасынан Өмірбек Сақыпов, Төлеухан Елеуов, Мәжит Төлегенов, Қабыкен Қосыбаев тәрізді ақсақалдар мен Мәрия Нұртазина, Нағима Төлегенова, Айша Бөкішева, Рахима Әпсаматова мен Минанұр Хайруллиналарды атап айтуға болады. Әрине, самсаған сары ормандай еңбек ерлерін түгел тізіп шығу мүмкін емес.
Өз заманында тыңға түрен салған механизаторлар қаншама. Солардың ішінде өзгеден оқ бойы озық шыққан майталман мамандар жаңа заманның жарқын бейнесін сомдайтын оқушыларға еңбектің қадір-қасиетін тәптіштеп ұғындырды, қоғамдаса еңбек етуге шақырды. Әсіресе, қарт механизатор Төлеухан Елеуов ақсақалдың айтқан пікірі көңілге қонымды.
–Заман ағымына қарай әлдебір мамандықтардың соншалықты керек болмауы да мүмкін. Өйткені, олардың орнын дәуірдің тынысына байланысты жаңа мамандықтар басып жатады. Сондықтан, кәсіп түрлерін  барынша көбірек игерген жөн,–дейді Төлеухан ақсақал.
Осыдан бірнеше жыл бұрын ең алғаш рет трактор тізгінін ұстаған ауыл қыздары Рахима Елубаева мен Минанұр Хайруллина еді. Рахима тәте кездесу барысында темір тұлпарды қалай тізгіндегенін жыр қылып айтып берді. Жер жыртқаны, егін еккені ешқашан ескірмейтін еңбек жыры тәрізді. Есімдері аудан, облысқа танымал Мәрия, Нағима тәрізді әжелер сүт бұлағын тасытқан сауыншылар болатын. Олар да кез-келген жұмыстың жамандығы жоқ екендігін, адам отбасын асырау үшін, қарапайым күнкөріс үшін арланбау керектігін майдан қыл суырғандай етіп әдемілеп айтып берді. Кездесу барысында мектеп оқушылары әртүрлі сұрақтарын қойып, ардагерлер тарапынан толымды жауабын естіді.

Жанаргүл ӨТЕБАЕВА,
мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі.
Тоғанас ауылы,
Егіндікөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар