Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Міндеттер мол жыл мәреге жақын - АРҚА АЖАРЫ

Міндеттер мол жыл мәреге жақын

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеңесінде өңірімізде «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асырудың  барысы қаралып, талқыланды.

Аталған мәселе бойынша алдымен, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Виктор Радченко есеп беріп, биыл осы бағдарлама бойынша жалпы құны 350 миллион теңгенің үш жобасы қолға алынып жатқанын баяндады. Олардың бірі – Қопа көлінің жағалауындағы үйлердің инженерлік желілерін тартуға бөлінген қаржы 100 пайыз игерілуде. Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр селосында салынып жатқан модульдік қазандықтың құрылысына бөлінген қаржының да 290 миллионы игерілген. Ал, Есіл аудандық орталық қазандығының құрылысы маңдымай тұрғаны рас. Мұнда конкурстың өткізілмеуі себепті бас мердігер әлі анықталмаған көрінеді.
Жалпы, 2015-2018 жылдарға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша облыста 12 миллиард теңгенің 12 жобасы көзделген. Бұл ретте, облыс әкімінің сала басшыларының алдына қойған міндеті  – осы құрылыстарды жүргізу барысында көлденең көк аттыларды емес, өз өңіріміздегі қолынан іс келетін мердігерлерді қолдау. Сонымен бірге, әркім облысқа келіп түскен әр теңге үшін қатаң жауапкершілікте болатындығы да айтылмай қойған жоқ.
Бұдан кейін аталған бағдарлама бо-йынша құрылыс басқармасының басшысы Амангелді Смайыловтың да хабарламасы тыңдалды. Облыс құрылысшылары биыл бұл бағытта 1 миллиард 108 миллион теңгенің қаржысын игерулері керек. Қазір тек инженерлік желілерді жүргізуден ғана кейін қалушылық  басқалады. Бағдарламаға сәйкес биыл Көкшетау қаласында 45 пәтерлік бес тұрғын  үй, Щучинск қаласында 70 пәтерлік бір үй пайдалануға берілуі тиіс. Рас, облыс орталығында қаржының жетіспеуінен осы тізімдегі бір үйдің қашан тапсырылатыны беймәлім болып тұр. Облыс әкімінің қадап айтқанындай, құрылыста ешбір кідіріске жол беруге болмайды. Бұл үшін істің көзін тауып, тікелей Үкіметпен мәмілеге келіп, қолдан келгеннің бәрін жасау қажет.
Бұдан кейін аппарат кеңесіндегі әңгіме облыстағы автомобиль жолдарының жай-жапсарына ойысты. Бұл мәселе бойынша сөз алған «Қазавтожол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Ақмола облыстық филиалының директоры   Берік Желдікбаев жалпы, осы салада «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша   атқарылып жатқан жұмыстарды сипаттай келе, биыл республикалық  маңызы бар жолдарда 11 миллиард теңгенің жұмысы атқарылғандығын мәлімдеді. Астана – Ерейментау – Шідерті жолы облыс ішінде 108 шақырымды құрайды. Оған бөлінген қаржы 83 пайызға игерілген. Астана – Қорғалжын жолына да ағымдағы жөндеу аяқталады. Көкшетау – Омбы, Есілден Державинскіге дейінгі  жолдар да осындай жөндеу жұмыстарымен қамтылған. Осы ретте, облыс әкімі Астана – Қорғалжын бағытындағы жолға ерекше алаңдаушылық білдіріп, оны дұрыс жөнге келтіру мәселесін көтерді. Бұған орташа жөндеумен қамтудың өзіне 600 миллион теңге қаржы қажет екен.
Келесі болып «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Индустрияландыру картасының іске асырылуы жөнінде есеп берген облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Берік Мұстафин биыл 16 жобаның  қолға алынып жатқандығын хабарлап, олардың мән-жайына жеке тоқталып өтті. Басқарма басшысына  барлық жобаларды қайта бір пысықтап, одан әрі тиянақтау, әсіресе, көпірлер мәселесін назарда ұстау тапсырылды. Оразақ ауылы бойынша да жұмыс кестесінен қалу байқалады. Себебі, қаржы  кеш түсуде. Бұдан әрі егін орағына екпін берген облыс әкімі ауыл шаруашылығы басқармасына жауапты науқан қарқыны жақсартуды тілейтінін атап көрсетіп, бастырылған астық, гектар түсімінде қосып жазуға жол бермеу керектігін баса еске салды. Азық-түлік корпорациясының облыстағы басшыларына желімділігі 25 пайыздан жоғары астықтың әр тоннасына бағаны 50 мың теңгеден қою қажеттігі де ескертілді.
Облыста жылу беру маусымы басталды дегенімізбен, кей жерлерде ол бюджеттік ұйымдарға әлі толық берілмеген. Мұндай орындардың бәрі тез арада жылумен қамтылуы керек. Сол сияқты, мектептер мен ауруханалардың жөндеу жұмыстарын да  жылдам аяқтау қажет. Ақкөл балалар үйіне 288 миллион теңге қаржы бөлінген. Бірақ, мекеме әлі жөнделген жоқ. Осындай кемшіліктерден тез арада қорытынды шығаруды талап еткен Сергей Кулагин салық түсімі, бюджетті игеру мәселелері бойынша қатаң сұралатынын тағы бір еске салып, жергілікті әкімдердің бүгінгі азық-түлік бағасын дәл білмейтіндігіне қынжылыс танытты. Қанттың бір келісі қазір 215-220 теңгеге дейін көтерілген, ал, кей әкімдер бұрынғы бағаны айтады. Бұдан жергілікті жерлерде бағаны бақылаудың әлі де болса, дұрыс жолға қойылмағандығын аңғаруға болады. Облыста төленбеген еңбекақы қарызы да 249 миллион теңгенің шамасында. Оны да елеулі түрде азайтуға бар күш салынуы керек.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар