Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құрметті Ақмола облысының әділет саласының қызметкерлері! - АРҚА АЖАРЫ

Құрметті Ақмола облысының әділет саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлері күнімен құттықтаймын!
Осы бір жарқын мерекені өздерінің ерен еңбектерінің арқасында мемлекетіміздің іргетасын бекітіп, дамуына өлшеусіз үлес қосып жатқан, заңнамамызды жетілдіріп, әділеттің үстемдік құруына, конституциялық құқықтың сақталуына, азаматтардың заңды мүдделерінің қорғалуына еңбектерін сіңіріп келе жатқан барша әділет қауымдастығының өкілдері тамаша табыспен атап өтпекші.
Қазақстан Республикасы Ата Заңының және Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына орай, әділет қызметкерлерінің ерен еңбегін ерекше айта отырып, құқықтық демократиялық мемлекет құру жолындағы қомақты үлесі туралы да сөз сабақтаған жөн. Әділет қызметкерлері қоғамның кез-келген саласында әділдік идеяларын жүзеге асырып, заңның салтанат құруына қызмет істейді. Олар конституциялық негіздерді көздерінің қарашығындай күзетеді. Мемлекет мүддесін жан-тәнімен қорғайды.
Құрметті жерлестер!
Сіздердің жоғары кәсіби біліктіліктеріңізге шынайы риза бола отырып, алдағы уақытта мол табыс тілеймін. Әрдайым бойларыңыздағы ерік-жігерлеріңіз, қажыр-қайраттарыңыз мықты болып, өздеріңізге тапсырылған аса жауапты істерде жоғары жетістіктерге жете беріңіздер. Кәсіби мереке күні отбасының амандығын, тау-сылмас күш-қуат, болашаққа деген сенім және денсаулықтарыңыздың мол болуын тілеймін!
Сергей КУЛАГИН,
 Ақмола облысының әкімі.

 

 

Құрметті әділет саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

 

Сіздерді тамаша кәсіби мереке – Әділет органдары қызметкерлері күнімен құттықтаймын!
Сіздердің тынымсыз, ерен еңбектеріңіздің арқасында еліміздегі әрбір азаматтың ұстанымы нығайып, қоғамның жоғары мәдениеті қалыптасты. Әсіресе, құқықтық жүйе құрудың басында тұрған, сол жолда бойларындағы бар білімі мен білігін аянбай жұмсаған, бай тәжірибелерін кейінгі жастарға үйретуден жалықпаған осы саланың ардагерлеріне шынайы алғысымды айтқым келеді.
Әділет саласының қызметкерлері алдағы уақытта да мемлекеттігімізді нығайту және өркендету, заңнамаларды жетілдіру, конституциялық құқықты қорғау мен жүзеге асыру, азаматтардың еркіндігі мен заңды мүдделерін қорғау жолында белсенді еңбек ететіндіктеріне зор сенімдемін.
Мереке күні сіздерге денсаулық, бақыт, табыс және заңға қызмет жолында мақсаткерлік тілеймін.
Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар