Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тәрбие негізі – түзу жолда - АРҚА АЖАРЫ

Тәрбие негізі – түзу жолда

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың төрағалығымен облыс әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің Зеренді ауданында өткен көшпелі мәжілісінде теріс діни ағымдардың алдын алу мәселелері қаралды.

Мәжілісті ашып, жүргізіп отырған Нұрлан Нұркенов алдымен жиналғандарды Құрбан айт мейрамымен құттықтап, ынтымақ-береке мен ізгілікті шаралар тіледі. Бұдан кейін күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – тұлғаға рухани-адамгершілік тәрбие берудегі діннің рөлі туралы алдымен Науан Хазірет атындағы орталық мешіттің найб имамы Рахметолла Оразұлы және Қазақстан Православ шіркеуінің Көкшетау және Ақмола епархиясының эпископы Владыка Серапион хабарлама жасады. Олар облыс көлемінде діннің негізінде қалың көпшілікке беріліп жатқан діни және имандылық тәрбиесінің маңызы, осы жолдағы ізденісті жұмыстардың жай-жапсары, оның нәтижелері туралы жан-жақты әңгімелеп берді. Айталық, құрсағындағы сәбиінен безген жүзден астам ана тәлімді әңгімелерден кейін осы жаңсақ қадамдарынан бас тартса, мұның өзін қоғамның оңалуына қосылған әжептәуір үлес деп бағалауымыз керек.
Исламның дәстүрлі діни құндылықтарын насихаттау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайында ой бөліскен «Насихат» кеңесу-оңалту орталығы» қоғамдық ұйымының директоры Қанат Алшынбаевтың сөзіне келсек, облысымызда осы теологпен атқарылған іс-шаралардың өзі көңіл сүйсінтеді. Айталық, бұл орталық тек өткен жылы ғана төрт жарым мың адамның алдында 80 лекция оқыған. Жүз ауыл имамымен семинар өткізілген көрінеді. Осы жұмыстың нәтижесінде елу адам теріс діни көзқарасынан бас тартқан. Сонымен бірге, мұндай жұмыс еңбекпен түзеу мекемелерінде де жүргізіліп, оның нәтижесі де бар болып отыр. Биылдың өзінде осындай шаралармен бес мыңнан астам адамды қамтыған Қанат бауырымыздың еңбегі қай тұрғыдан да жоғары бағалауға лайық. Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың да орталық пен оның жетекшісінің жұмысын жақсы жағынан атап өтіп, осыны ескеруге тиісті орындарға тапсырма беруі құптарлық.
Бұдан әрі теріс діни ағымдардың іс-әрекетіне тосқауыл қою жөніндегі жұмыстар туралы есеп берген Зеренді ауданының әкімі Асқар Мұратұлының сөзі де өзінің шынайылығымен көпшілік ойынан шыққанын айта кеткен ләзім. Мәселен, әкім ауданның Қызылсая ауылында діннің салафизм бағытын ұстанған үш отбасының болғанын, қазір олардың екеуге азайғанын, осындай көріністер Кеңөткел, Ақкөл сияқты ауылдарда да байқалып қалатынын жасырмай, осы жағдайдың алдын алу туралы өз ойларын ортаға салуы әбден жөн. Дін сияқты өте шетін мәселеде тек осылай шындықты жасырмай ғана дін тазалығының жауабын табуға болады.
Облыс әкімінің орынбасары өзінің қорытынды сөзінде бүгінгі қаралып отырған мәселелердің өзектілігіне назар аудара келе, кез-келген қоғамда тұрақтылықты үш мәселе – жер мен ақша, ұлтаралық және діни негіздегі проблемалар ғана бұзатынын жасырмады. Сондықтан, әсіресе, жастар арасында теріс діни ағымдардың көрініс табуына жол бермеу үшін барлық шаралар қолданылуы керек. Бұл орайда, үгіт-насихат топтарының жұмысын әлі де жандандыру қажет. Өзін жақсы қырынан көрсетіп отырған «Насихат» орталығының негізінде бұл іске жаңа іскер мамандарды тартқан жөн. Білім деңгейлері әрқилы болып отырған ауыл имамдарының біліктік деңгейін де көтермей болмайды. Сөз соңында мәжіліс Құрбан айтына орайлас келгендіктен, облыстық дін істері басқармасының басшысы Сәуле Ыбыраеваның жетекшілігімен жиналғандарға айт дастарханы  жайылғанын да айта кеткен абзал.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар