Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қамқорлық қуат береді - АРҚА АЖАРЫ

Қамқорлық қуат береді

1 қазан елімізде Қарттар күні ретінде атап өтіліп келе жатқанына да біраз жылдың жүзі болды. Біздің облыста бұл мерекені бір күннің шеңберінде ғана емес, толық бір ай бойы атап өту игі дәстүрге айналды.

Бұл өз кезегінде жас буын өкілдерінің ата-апаларына деген құрметі, еліміздің игілігі үшін атқарған өмір бойғы еңбектерін елегендігі, сыйлағандығы деп білеміз.   
Былтыр айналасы бір айдың ішінде жалпы саны 1400-ге жуық  кездесу ұйымшылдықпен өтті. Концерттерде қариялардың көңілі көтеріліп, бір марқайып қалса, ал, дөңгелек үстел мәжілістерінде көпшілікті  толғандыратын, әсіресе, үлкендер мен жастардың сабақтастығы, кейінгі ұрпақтың тәрбиесі жайлы тақырыптар қозғалды.
Қарттарға арнап дастархан жайылып, азық-түлік салынған 14500-ге жуық себет тегін таратылды, зейнеткерлер отын, көмірмен қамтамасыз етілді. Жалпы, облыс бойынша 104 мың қарт адамға 263,5 миллион теңгеге материалдық және ақшалай көмек көрсетілді. Осы орайда, көптеген жекеменшік кәсіпорын басшыларына алғыс білдіргіміз келеді. «Қазақтелеком», «Тыныс», «Көкше жылу» акционерлік қоғамдары қомақты қаражат бөлді. Қазіргі таңда облыс бойынша 877 бас-тауыш ардагерлер ұйымы бар. Олар да қарт адамдарды әлеуметтік қорғау, өмірге деген құштарлықтарын арттыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқаруда. Ол ұйымдарды басқарып отырғандар – зейнеткерлердің жағдайын жақсы білетін, кәрілікпен етене таныс жандар, яғни, қарттар.
Зейнеткер демекші, бүгінгі күні облыс бойынша олардың саны 105 мың адамды құрайды. Солардың ішінде 194 адам Ұлы Отан соғысының ардагері, ал, 8176 жерлесіміз  тыл еңбеккері саналады. Қарттықтарына қарамастан, олардың көбісі облысымыздың саяси өміріне араласып, қоғамға пайдалы істермен айналысуға тырысып жүр. Араларында шығармашылық ұжымдарда ән айтатын, спортпен шұғылданатындары да бар. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы мен Қазақ хандығының 550, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арнап ұйымдастырылған мерекелік жиындарда береке-бірлігіміз, отансүйгіштігіміз анық байқалып тұрды. Қарттар еліміздің тағдыры мен ұрпағының болашағы үшін қашанда алаңдап отырады. Жетпіс жыл бұрын болған сұрапыл соғысты көрген отандастарымыз үшін тәуелсіздік пен бейбітшіліктің қаншалықты қымбат екенін сөзбен жеткізе алмаспыз, сірә. Жастармен кездесу кезінде ардагерлер бейбіт өмірдің қадірі жайлы, Отанды сыйлау қажеттігін ылғи айтып отырады. Мұндай кездесулер жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуде қажет екені сөзсіз. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Балабақшадан бастап мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында, әскери орындарда біз балаларға тек білім беріп қана қоймай, тәрбие беруді де назардан шығармауымыз керек» деген сөзін басты қағидат етіп алып, біздің ұйым қыздарды ұлттық салт-дәстүрлерді үйрете отырып тәрбиелеу, жастарды өзіміздің тарихи тұлғаларымыздан үлгі алуға шақыру ісіне де зор көңіл бөліп келеді.
Шыны керек, қазіргі жастар өте сауатты. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете біледі. Мұны айтып отырған себебім, іс-шараларда бірінші болып бастама көтеретін, біреуге көмектесуге даяр тұратын – жас-тар. Осының бәрі тәрбиеге байланысты екені сөзсіз. Үстіміздегі жылы «Алтынтау-Көкшетау», «Көкшетау минералды сулары», «Тыныс», «Новопэк» кәсіпорындары, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, тағы басқа  ұжымдар бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні ардагерлерді ұлықтау рәсімін жоғары деңгейде өткізуге атсалысты.
Биылғы мерекелік датаның басты ерекшелігі ретінде 1941-1945 жылдары майданға аттанған жерлестеріміздің аттары жазылған он томдық «Зерде кітабын» атап өтуге болады. Аталмыш кітапқа соғыста қаза тапқан, із түссіз жоғалған, сондай-ақ елге аман-есен оралған барлық сарбаздардың есімдері енгізілген.
Қазіргі таңда елімізде болып жатқан бірталай экономикалық өзгерістердің қарсаңында қарттар айлығын өткізу оңайға соқпайтыны анық. Соған қарамастан, қарттарға, жалғызбасты, сырқат, әлеуметтік аз қамтылған жандарға көмек көрсетуді өтініп, әкімдіктерге, түрлі мекемелер мен оқу орындарына хат жолдап жатырмыз.
Осынау мереке күні барлық ардагерлерге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілегім келеді. Отбастарыңыз аман, бауырларыңыз бүтін болып, жүздеріңізден шаттық күлкісі кетпесін. Мемлекет басшысы өзінің бір сөзінде: «Ең ұлы істер ең қиын шақта өмірге келеді. Болашақ жаман немесе жақсы бола алмайды. Біз оны қалай қалыптастырсақ, ол сондай ғана болады» деген еді. Ендеше, ағалық ақ пейілмен өңіріміздің әлеуметтік, экономикалық дамуына, ұрпақ тәрбиесіне өз үлесімізді қоса берейік.
     
Чапай ӘБУТӘЛІПОВ,
облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар