Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Басшылар заңды бұза бере ме?!. - АРҚА АЖАРЫ

Басшылар заңды бұза бере ме?!.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінде тәртіптік кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Онда бірқатар мемлекеттік лауазымдағы басшыларға қатысты тәртіптік істер қаралды.

Кеңесті Ақмола облыстық тәртіптік кеңесінің төрағасы Қуаныш Жапақов ашып, жүргізіп отырды. Ол ең алдымен тәртіптік кеңестің жұмысы барысында облысымыздағы мемлекеттік органдарда мемлекеттік сатып алу бойынша байқау өткізу процедуралары, Ар-намыс кодексін сақтау бойынша бірқатар заң бұзушылыққа жиі жол берілетіні жайлы қысқаша мәлімдеме жасады.
Бұдан кейін Целиноград ауданының Қараөткел селолық округінің әкімі А.Қонбайға, Талапкер селолық округінің әкімі Н.Мұзамеловқа, Максимов селолық округінің әкімі С.Жұмабаевқа қатысты тәртіптік іс қаралды. Тәртіптік кеңесте айтылғандай, бұл әкімдер мемлекеттік сатып алу бойынша байқау өткізу процедуралары барысында аталған заң нормаларын дұрыс қолданбай, мемлекеттік сатып  алу туралы шешім қабылдағанда, әлеуетті өнім берушілерге олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда кедергi келтірген.  
Сонымен қатар,  кеңесте қызметтік автокөлікті масаң күйінде жүргізген, яғни,  ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексін бұзған Еңбекшілдер аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Н.Рақымжанов, Есіл аудандық аймақтық инспекциясының басшысы Ж.Ахметбеков және Аршалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы И.Ратушняктың тәртібі қаралып, тиісті шешімдер шығарылды.
Кеңесте анықталғандай алғашқы екеуі, яғни, Н.Рақымжанов пен Ж.Ахметбеков демалыс күндері мемлекеттік көлікті өз мақсаттары үшін мінгені анықталды. Сол жолы масаң күйінде жол патрульдік полициясы қызметкерлерінің қолына түскен.
Ал,   И.Ратушняк болса, 9 мамыр мерекесі күні мемлекеттік «ВАЗ» көлігімен ішімдік ішіп алып жол-көлік  апатына ұшыраған. Осылайша,  жауап берушілердің пікірін тыңдай келе тәртіптік кеңес мүшелері  Н.Рақымжанов пен Ж.Ахметбековке аудан әкімдері тарапынан қатаң сөгіс беру жөнінде ұсыныс жасауға келісті.
И.Ратушнякқа мемлекет мүлкіне келтірілген материалдық шығынды тез арада өтеу және аудан әкімі тарапынан оның қызметіне лайық еместігі  жөнінде ұсыныс жасау туралы  шешім қабылдады.
Сонымен қатар,  осы күні мектеп ғимаратында мұғаліммен жанжалдасқан Ақкөл ауданының Кеңес селолық округінің әкімі Т.Әбдірахмановтың да тәртібі қаралды. Алайда, тәртіптік кеңеске белгілі болғандай Әбдірахманов пен мектеп мұғалімі арасындағы екеу-ара кикілжің бұрыннан туындағаны анықталды. Мектеп мұғалімі селолық округ әкімінің үстінен бірнеше рет арыз жазғанымен еш айғақ, дәлелі жоқ болып отыр. Сондықтан, соңғысының жазған арызы бойынша тексеріс жүргізген тәртіптік кеңес мүшелері ауыл әкіміне қатысты ешқандай дәлелдің болмауынан бұл істі осымен жабуды жөн көрді.  
Кеңесті қорытындылаған Ақмола облыстық тәртіптік кеңесінің төрағасы Қуаныш Жапақов мемлекеттік қызметтің абыройына кір келтіретін, әрі сыбайлас жемқорлыққа жол ашатын қылмыстарды анықтап, жауапқа тартудың маңызды іс екендігіне жиналғандардың назарын аударды.

 

Аслан ОСПАНОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар