Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ғимаратқа жарымауда - АРҚА АЖАРЫ

Ғимаратқа жарымауда

 

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың қатысуымен облыстық мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасында өткен жиында мұрағат саласында қордаланып қалған бірқатар мәселелер сөз болды.

 

Алдымен, үстіміздегі жылдың тоғыз айын-да облысымыздың мұрағат мекемелерінің атқарған жұмысы туралы аталған басқарманың бөлім басшысы Галина Филипьева баяндама жасады. Оның айтуынша, мұрағаттардың материалдық-техникалық базасын нығайту ісі жыл сайын жалғасын тауып келеді. Биыл Көкшетау қаласы мен Еңбекшілдер ауданындағы мемлекеттік мұрағатқа жаңадан жиһаз, желдеткіш сатып алынса, мекеменің Атбасардағы ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Алайда, бұл салада күрделі мәселелер жетерлік. Бурабай аудандық мұрағаты «өзімдікі» дейтін ғимараттың жоқтығынан соңғы жылдары мекемелерден, тұрғындардан келіп түсетін мұрағат деректерін мүлде қабылдамай жатқан көрінеді. Ал, қазіргі таңда жалға алып отырған ғимаратында түсіп жатқан құжатты сақтайтын орын жоқ.
Көкшетау қалалық мұрағатының ғимараты да төтенше жағдайда деп танылғанына біраз жылдың жүзі болған. Сол сияқты, Целиноград пен Сандықтау аудандарындағы мемлекеттік мұрағат ғимараттары да жөндеуді қажет етеді. Кейбіреуі жалға алынған нысан болғаннан кейін, ол жерде тиісті жағдай, яғни, автоматтандырылған өрт сөндіру құрылғылары жоқ. Мұрағат құжаттарының тек бір ғана данада болатынын, дәл сондай көшірмесі жоғын ескерсек, мұндай  құнды дүниелерді өрттен құтқару жағына бармақ басты, көз қысты қарамағанымыз жөн.     
Мәселеге қаныққан облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов бұл проблемаларды кейінге қалдыруға болмайтындығын айта келе, оның шешімін табуға тырысатындығын жеткізді. Сондай-ақ, облыстық мұрағаттар мен құжаттамалар басқармасының басшысы Мәрзият Тохаеваға жыл аяғына дейін облысымыздың барлық аудандарын аралап, ондағы мұрағаттардың жағдайымен жіті танысуды тапсырды.

 

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар