Ислам әлемі үшін қастерлі де асыл құндылық саналатын Пайғамбардың сақал шәрифі өткен жылы Атбасар өңірінен табылған еді.
Өз бабаларынан аманаттап, көздің қарашығындай сақтап келген Фәтима әжеміз осы бір асыл жәдігерді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына тапсырған еді.
Міне, осы бір баға жетпес жәдігер жаңадан салынған Науан хазірет мешітіне әкелінгелі отыр. Осы оқиғаға арналып мешітте қазан айының 3-і күні діни шара өтеді. Барша мұсылман қауымды осы шараға қатысуға шақырамыз. Басталуы сағат 10.00-де.