Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көпті көрген ғалым - АРҚА АЖАРЫ

Көпті көрген ғалым

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, ұстаздар мерекесі қарсаңында саналы ғұмырын оқу-ағарту ісіне арнап келе жатқан жерлесіміз Жәмшит Темірбекұлы жайлы сөз қозғағымыз келеді. Биыл сексеннің сеңгіріне шыққан абыройлы ағамыз университетіміздің ұлағатты ұстаздарының бірі.

Жәмшит Темірбекұлы 1959 жылы Алматы медициналық институтын тәмамдағаннан кейін өзінің еңбек жолын Қазақстан Респуб-ликасы Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институтында қызмет етуден бастаған. Осы жерде тапжылмай отыз жыл еңбек еткен, бірталай басшылық қызметтерді де абыроймен атқара білген. Ал, 2001 жылдан бері ол Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «Биология және оқыту әдістемесі» кафедрасының профессоры атағына ие. Оңтүстік-Батыс аймақтарының шөлді, құмды жерлерінде қызба ауруының ерекшеліктері мен таралуын алғаш зерттеген адам да осы кісі.
Бүгінгі күні тағылымы мол ұстаздың жетекшілігімен отыздан астам дипломдық және магистрлік жұмыстар қорғалды. Микробиология, вирусология, валеология, тағы басқа пәндерден дәріс оқып, шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленген зерделі ғалымның 150-ден астам ғылыми еңбегі бар. Сонымен қатар, биология оқулықтарын жазуға өзіндік үлес қосты. Олар негізінен еліміздегі экология мәселелеріне арналған жазбалар.  
Ұстаз жолы қызық, әрі қиын жол. Мұғалім болу кез-келген жанның қолынан келе бермесі анық. Тынымсыз еңбегінің арқасында Жәмшит Темірбекұлы «Құрмет белгісі» орденімен,  «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының үздігі» төс- белгісімен, «Қазақстан Республикасының ғылымына үлес қосқаны үшін» медальдарымен және көптеген Алғыс хаттармен  марапатталған.
Сөз арасында ағамыздың асылдың сынығы, тектіден қалған тұяқ екендігін айта кеткен ләзім. Ел тарихында зұлмат жылдар болып есептелетін саяси қуғын-сүргін кезеңінде жалпақ жұртының жақсылығын ойлап жазалы болған текті әулеттің өкілі. Тұла бойынан ізгілік пен ізеттің жылы шуағы себезгілеп тұратын Жәмшит Темірбекұлы Зеренді ауданының бұрынғы «Октябрьдің 40 жылдығы» елді мекенінде 1935 жылдың 11 қыркүйегінде дүниеге келген. Ұлағатты отбасында өмірге келіп, алдына елге еңбек сіңірсем деген адал мақсат қойған азамат сол өмірлік үдесінің асқарына шықты деп айтуға әбден болады.

Шынар ДҮРМЕКБАЕВА,
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар