Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тозған жабдықтар ауыстырылуда - АРҚА АЖАРЫ

Тозған жабдықтар ауыстырылуда

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұйымдастырған баспасөз турында «Көкшетау Су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының инвестициялық бағдарламаны іске асыруының жай-жапсарына назар аударылды.

 

2013-2015 жылдары аталмыш кәсіпорынның қолданыстағы тарифтері шеңберінде департамент облыс әкімдігімен келісіп, осы жылдардың 286,9 миллион теңгеге бағаланған инвестициялық бағдарламасын бекітті. Оның ішінде биылғы жылдың 108,6 миллион теңгесі бар. Департамент басшысының орынбасары Әсет Құрашевтің айтуынша, бұл инвестициялық бағдарламаның негізгі мақсаты бар активтерді қалпына келтіру және қолдау, жаңасын құру, көрсетілетін қызмет сапасын арттыру және жүйедегі ауыз су шығынын азайту болып табылады.
Қабылданған бағдарлама пайдаланылатын шығындарды азайту және негізгі базаның тозбауын, нормативтік-техникалық шығынды қысқарту, ұсынылған реттелетін қызметтің сапасын арттыру және көлемін ұлғайту сияқты талаптарға жауап беретін шараларды қарастырады. Инвестициялық бағдарламаны қаржыландырудың көзі кәсіпорынның өз қаржысы болып табылады. Кәсіпорынның бағдарламасы биыл 5 шақырымға жуық апатты су құбыры мен 210 метр апатты кәріз жүйелерін ауыстыру, құдықша, плита мен кәріздік қақпалар, шынжыр табанды экскаватор сатып алу қарастырылған.
Аталмыш департамент пен кәсіпорын басшылары, қалалық мәслихаттың депутаты мен еңбек ардагерлері нысандардағы инвестициялық бағдарламаның жүзеге асқанын көру үшін және олардың алдағы жоспарымен танысу үшін «Көкшетау Су арнасы» кәсіпорнына келді. Кәсіпорынның бөлім басшысы Светлана Дедкованың айтуынша, аталмыш бағдарлама 2013 жылы толық, өткен жылы 13 пайызға артық орындалған.
–Биылғы жылы  инвестициялық міндеттеменің көзделген көлемі 108 миллион 135 мың теңгені құрады. Әзірше оның 36 миллион теңгесі игерілді. Су құбыры жүйесін ауыстыру жұмысының бір бөлігін өзіміз атқарсақ, 3 шақырымын мердігер ұжым жүзеге асырды. Жалпы, соңғы үш жылда 31 шақырым су құбырлары және 1,8 шақырым кәріз жүйелері тартылды. Оның 21 шақырымы жер астын көлденең бұрғылау әдісімен қазылды. Соңғы жылдары 5 арнайы техника сатып алынды. 2013 жылы жүйелерді ауыстыруды өз күшімізбен атқардық. 2014-2015 жылдары жер астын көлденең бұрғылау әдісін қолдандық. Бұл көшенің абаттандырылуына кері әсерін тигізбейді. Биыл Жайлау шағын ауданы мен Бейбітшілік көшесіндегі жүйелерді ауыстырдық. М.Әуезов көшесіне 11 шақырым су құбырын тартып, оған тұтынушыларды қостық. Қақпақ сатып алып, құдықшаларды жөндедік. 2014 жылы кәріздің апатты жүйелерін жөнге келтірдік. Кәсіпорынның барлық бокстары,  әкімшілік ғимараттың тұрмыстық және диспетчер бөлмелерін жөндеуден өткіздік. Жаңа жылда тарифтер мерзімі аяқталады. Осы орайда 2016-2020 жылдарға өтінім бердік. Алдағы жылы кәріз және 20 шақырым су құбырлары жүйелерін, коллекторлық су сорғыш станцияларын жөндеу қажет.
5 жылдық инвестициялық жобаның жалпы құны
1 миллиард 745 миллион теңгені құрайды. Бұның барлығы тарифке әсер етеді, – дейді Светлана Дедкова.
Бүгінгі таңда кәсіпорынның кредиторлық қарызы 239 миллион теңгені құрап отыр. Кірістің 70 пайызы жеке тұлғалардан түседі. Бірақ, оны өзге кәсіпорын филиалының жинайтыны біраз мәселе тудыратын көрінеді. Департамент басшысының орынбасары Әсет Құрашев бастаған жұмыс тобы Көкшетау қаласының бірқатар кәріз суларын соратын станцияларында болды. №9 станцияға Застанционный кентінде орналасқан кірпіш зауыты мен абақтының лай суы ағып келеді. «Көкшетау Су арнасы» кәсіпорнындағы өндірістік техникалық бөлімінің басшысы Александра Подзегунова өз сөзінде 1950 жылдары салынған станцияны теміржол саласынан қабылдап алғандарын, жөндеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.
– Ескі станцияның жертөлесіне түсу қиын. Қондырғылардың бәрі ескірді. Сондықтан, бұл жер мен №1, №11 және Станционный кентіндегі кәріздік су сорғыш станцияларына 70 миллион теңгенің кешенді су сорғыш қондырғысын орнатуды көздеп отырмыз. Қазір су сорғыш сағатына 81 текше метр лай су сорады. Станция судың жиналуына байланысты іске қосылады. 2009 жылы жаңа су сорғыш қойдық. Өзгелері жөнделді. Ескі су сорғыштардың бәрі тозды. №3, №5 кәріздік су сорғыш станцияларының қондырғыларын ауыстыру қарастырылған. Облыс орталығында мұндай 17 станция жұмыс істейді. «Аққу» шағын ауданы мен Краснояр селосындағы станциялардың жағдайы көңіл көншітпейді. Қондырғылары мен құбырлары әбден тозған. Жөндеуге жарамайды. Тіпті, мұнда адамдардың жұмыс істеуіне мүмкіндік жоқ, – дейді бөлім басшысы.
Қаладағы кәріздік су сорғыш станцияларының жұмысы күрделі болғандықтан, электр қуатының шығыны да көп. Тіпті, станциялар да электр қуатымен жылытылады. Биыл №3 станцияны орталық жылу жүйесіне қосыпты. Мұнда су сорғыш қондырғылары ауыстырылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда Көкшетау қаласының бірқатар шағын аудандары мен көшелерінде 1960 жылдары тартылған су құбырлары пайдаланылуда. Жалпы, қала бойынша су құбырлары жүйесінің 43 пайызы тозған. Дегенмен, күрделі жөндеудің арқасында жыл өткен сайын апаттың саны азайып келеді. Бірқатар көшелердің су құбырлары жүйесі инвестициялық бағдарламаға енгізілді. Краснояр бағытындағы жол бойындағы тұрғын үйлерге су құбырларын тарту қажет. Жаңадан салынып жатқан су тазартқыш нысанының жобасына түзету енгізілуде. Онда жаңа мембрандық технология пайдаланылатын болады. Бұл жобаны мердігер фирма өз есебінен жасайтын болды. Қалалық мәслихаттың депутаты Әлібек Баймағамбетов өз сөзінде «Көкшетау Су арнасы» кәсіпорны ұсынып отырған тариф 5 жылға есептелгенін, тұтынушылардың төлеу қабілеті есепке алынып, оның талқыға түсетінін жеткізді. Дегенмен, коммуналдық қызметтің тарифі бір деңгейде тұра бермейтінін жасырмады.

 

Рамазан ТІЛЕУОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар