Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Пайғамбарымыздың бір тал шәриф сақалы - АРҚА АЖАРЫ

Пайғамбарымыздың бір тал шәриф сақалы

Көкшетаудағы Науан Хазірет атындағы жаңа мешітте тұңғыш рет көкшелік мұсылман қауымының назарына ұсынылды.

Бұл ғажайып оқиға деуге әбден хақымыз бар. Бұрнағы жылы Атбасар ауданының Садовый ауылының тұрғыны 85 жастағы Фатима әжеміз өз ата-бабаларынан мирас болып келе жатқан құнды жәдігерді еліміздің Бас мүфтиіне аманаттап, тапсырған еді.
Барша адамзаттың арда тұтар тұлғасы Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның хақтығын сипаттайтын бір тал сақал шәрифі Көкшетауда бой түзеген жаңа мешітте тұңғыш рет таныстырылып отыр. Күні бойы мыңдаған адам мешітте қастерлі жәдігерді көру мүмкіндігіне ие болды.
Қасиетті құран оқылып болғасын Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Ақмола облысы бойынша өкіл имамы Қанат Қыдырмин бұл жәдігердің араб елінде зерттелгенін, оның риясыз ақиқат жәдігер екендігі дәлелденгенін атап көрсетті. Сондай-ақ, осы шараға қатысқан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев құттықтау сөз алып, барша мұсылман қауымы үшін баға жетпес тәбәрактың Көкшетаудағы Науан Хазірет мешітіне әкелінуін елеулі оқиға деп бағалады.
Егер тарихқа жүгінсек, пайғамбар өмірінің соңғы күндерінде қырқылған бір шоқ сақалын сахабаларына бергені айтылады. Кейін жәдігер Осман империя-сы кезінде Ыстамбұлдағы Топкапы мұражайына сақталады. Ал, осы түрік империясының сұлтаны ислам дінін қабылдаған елдердің басшыларына бір тал сақал шәриф салынған түтікше шыныларды тәбәрак ретінде сыйға ұсынған екен.
–Сексеннің сеңгіріне шыққан жасымда пайғамбарымыздың көзіндей көрінетін бұл қастерлі дүниені кімге табыстарымды білмей, қиналған кездерім де болды. Кейде ұйқым қашып, жанымды қоярға жер таба алмайтын едім. Енді міне, сол асыл дүниені еліміздің мүфтиятына табыстағалы көңілім жай тапты. Мен де өзімнің  ата-бабаларымның алдындағы аманатымды орындадым, – деді өз сөзінде Фатима анамыз.
Осылай Пайғамбарымыздың бір тал сақал шәрифін ұрпақтан-ұрпаққа аманаттап, көзінің қарашығындай сақтап келген Фатима әжемізге бас имам Қанат Қыдырмин сәйгүлік мінгізіп, Бурабайда демалуға және ұмра қажылығына барып қайтуға  жолдаманы табыс етті.

 

Бақыт СМАҒҰЛ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар