Өткен сенбі күні Көкшетау қаласында жалпықалалық сенбілік өткізілді. Сенбілікке алты мыңнан астам адам қатысты.
Әсіресе, жастар мен еңбек ұжымдары, облыс орталығындағы мөлтек аудандардың тұрғындары ерекше белсенділік танытты. Олар өздері тұратын қала аумақтарын тұрмыстық қоқыстардан тазартып, суағарларды тазалап, мұнтаздай етіп қойды.
Қала әкімдігінің ағаш көшеттерін отырғызу жөніндегі бағалы бастамасын бірнеше ірі кәсіпорындардың еңбек ұжымдары қолдап, жоспарлы дүниелер жүзеге асырылды. «Новопэк», «Камаз-Инжиниринг», «Гормолзавод», «Енки», «Тыныс», «Хладокомбинат», «Вектор», «Көкшетау жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері үш мыңға таяу қарағай мен қайың көшеттерін отырғызды. Сәдуақасов, Ақан сері, Саин, Абылай хан даңғылы және басқа көшелерде алдағы уақытта жасыл желек жайқалып тұрмақ.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.