Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елбасы сөзі іргелі істерге жетелейді - АРҚА АЖАРЫ

Елбасы сөзі іргелі істерге жетелейді

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының биік мінберінен сөйлеген сөзі қоғамда үлкен  пікір тудырып отыр. Оның жаһандық даму үдерістеріне байланысты ана тілімізде баяндаған ұсыныстары шынымен, қазақтың да әлемнің келелі істеріне араласқанын көрсетеді.

Елбасының осы сөзі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте де кеңінен әңгіме өзегіне айналды.  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қуаныш Сұлтанов, Виктор Киянский және Еуразиялық зерттеу институтының бөлім меңгерушісі Владимир Тельнов журналистермен кездесіп, келелі әңгіме қозғады.
Қуаныш Сұлтанов өзінің сөзінде Елбасының БҰҰ-ының мерейтойлық сессиясындағы баяндамасының астарына үңілді. «Бұл біздің ұлтымыздың  асыл арманының орындалған бір сәті» деп атап көрсетті ол. Себебі, тұңғыш рет биік мінберден қазақ тілінде Ұлы Даланың үні естілді. Ол жай ғана үн емес, бүкіл әлем дағдарысқа түскен шақта, оның болашағына алаңдаушылық білдірген пайымды сөз.
Қазақ бағзы заманнан бері бейбітсүйгіш саясат ұстанумен келеді. Тарихқа үңілсек, қазақтың бар хандары сыртты жаулаумен емес, туған елін қорғаумен ғана өткен. Бұл қастерлі мүдде. Өзіне татулықты тілеген халық өзгеге ешқашан жамандық ойламайды.
Елбасының тоқ етер сөзі де осыны аңғартады. Біріккен Ұлттар Ұйымы соғыстан кейінгі әлемді бейбіт өмір сүруге үндеу үшін құрылды. Бүгінде дамудың жаһандық үлгісі Азия құрылығына ауысты. Олай болса, оның бұл еңселі ұйымның штаб пәтерін Азияға көшіру қажет дегені де ешкімді бейжай қалдырмасы анық.
Парламент депутаты Виктор Киянский де Елбасының сөзі барша қазақстандықтардың мақтаныш сезімін тудырғанын жеткізді. Ұлт Көшбасшымыздың жаһандық даму жайлы ұсыныс айта сөйлегені мерейімізді өсіріп, абыройымызды асқақтатты. Қазақ деген мемлекеттің басшысы жаһандық деңгейде ешкім айтпаған ұсыныс білдіріп отыр.
Мұның да астарын алыстан іздеудің қажеті жоқ. Себебі, біз әлемде ядролық қарудан бас тартқан тұңғыш елміз. Ендеше, соғыс қатері мүлде болмайтын әлем құру ұсынысы өзінің өміршеңдігімен әлі талай дәлелденетіні сөзсіз.
Еуразиялық зерттеу институтының өкілі Владимир Тельнов Елбасы сөзінің экономикалық қырына баса тоқталды. Қазіргі әлемдегі теке-тірестер мен қарама-қайшылықтардың барлығы экономикалық құлдыраулар салдарынан белең алуда. «Жаңа әлемге жаңа жүйелеуші қаржы құралы керек» деген  Елбасы сөзі шынымен ойландырады. Әркім жеке мүддеге бойұсынып кетті. Жаһандық мүдде бәрінен биік тұрғанда ғана әлемде тұрақтылық орнайды.
Брифингте журналистер тарапынан көп сауалдар қойылып, оларға толымды жауаптар қайтарылды.

 

Бақыт СМАҒҰЛ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар