Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жақсылықтың жаршысы - АРҚА АЖАРЫ

Жақсылықтың жаршысы

Пошта қызметкері Бағила Қапиқызы Бектасова бүгін де салмағы ап-ауыр, қос бүйірі бұлтиып тұрған көк сөмкесін арқалап, көше бойлап келе жатыр екен.

Нәп-нәзік жанның осы бір қайсарлығына көрген сайын таң қаламын. Бағила Қапиқызы пошта таси жүріп, талай-талай оқиғаларға тап болып жүр. Осыдан бірер жыл бұрын шынжырынан үзіліп кеткен ит те талаған. Ит қапқан оң қолы көпке дейін сыздап, ауырып жүргенін де білуші едім. Емделіп, жазылған соң қайтадан өзінің сүйікті орны поштасынан ажырамай, бұрынғы кәсібіне кірісті. Жеңіл жұмыс табылып тұрса да, әйтеуір өзі ақпанның аязына тоңып, қара қарғаның миы қайнайтын ыстықта күнге күйіп жүрсе де жүрек қалауымен істейтін осы жұмысын тастамаған.
Ит тісінің уыты бар. Оң қолының саусақтары икемге келмей, толық бүгілмей қалған екен. Айдың күннің аманында кәсіби міндетін өтеу барысында қасірет шегіп, жаралы болып жүрсе де жайдары жүзінен реніштің табы байқалмайды. Былайғы жұртқа елене бермейтін қарапайым пошташының қызметін 15 жыл бойы атқарып келеді. Қызмет орнындағылар жұмысын жеңілдету мақсатында велосипед берген екен. Бірақ, онымен де газет-журнал толы ап-ауыр сөмкесін тасу ыңғайсыздау. Сосын да бұрынғы үйреніп қалған ретімен үй-үйдің арасында жаяулап жүре береді. Арқалап келе жатқаны ауыр салмақ емес, адамдарға жеткізетін жаңалықтар легі, ел мерейін үстем ететін жақсылық хабар, игі істерге ұйымдастыратын үгіт-насихат жұмысы деп ұғады өзі. Итке бір таланған соң бетіңіз қайтып қалмады ма деген сөзіме күле жүріп келе жатып қолындағы бір құралды көрсетті.
Газет-журналдармен қатар, зейнеткерлерге зейнетақысын да таратады. Бұл арада енді сақтық керек. Өйткені, азын-аулақ зейнетақысын тосып, алаңдап отырған зейнеткерлерге тиесілі тиын-тебенін шашау шығармай тапсырған жөн. Кейде аздап сескенетіні де бар. Ондайда жолдасын ерте шығады.
Хат-хабар, газет-журналдарды уақытылы жеткізу үшін тыным таппайтын елгезек жанның қызметіне Аршалы кентінде тұратын ел де разы. Өзі де бір сәт қажуды, шаршауды білмейді. Өйткені, ол жалпақ жұртқа жақсылық хабар жеткізуші.
Маулен АЖЫҚАНОВА.
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар