Биыл облыста 4,2 миллион гектар алқапқа дәнді және бұршақты дақылдар себілген еді. Күзгі жиын-терін барысында 4,6 миллион тонна астық жиналды. Облыс бойынша әр гектардың орташа шығымдылығы 11,2 центнерден айналды. Сондай-ақ, картоп пен көкөніс жинап алу жұмыстары да аяқталды.
Таяу күндері майлы дақылдарды жинауды толық аяқтау жоспарлануда. Бүгінгі таңда облыста 60 астық қабылдау кәсіпорны 1,8 миллион тоннадан астам жаңа егіннің астығын қабылдады. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының астық қоймаларын қоса алғанда, барлығы 5 миллион тоннадан астам астық сақтау мүмкіндігі бар.
2016 жылдың егісі үшін жер дайындау жұмыстары қызу жүргізілуде. Осының нәтижесінде 546 мың гектар алқапта немесе жоспарланған алқаптың
72 пайызында сүдігер көтерілді.
Тұтастай алғанда облыс бойынша 2015 жылдың дала жұмыстарын табысты аяқтау және келер жылдың көктемгі егісіне мұқият дайындық жасау үшін барлық шаралар қолданылуда.