Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көне Тараз көне тарихты жаңғыртты - АРҚА АЖАРЫ

Көне Тараз көне тарихты жаңғыртты

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  Тараз қаласындағы «Қазақ хандығы» монументінің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінен қазақ тарихы мен руханиятына Елбасыдай қамқорлық жасап, жанашыр болған абзал деген ой түйдік.

Жабал ЕРҒАЛИЕВ,  
   жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
   Парламент Сенатының депутаты

 Бәрі де қайырымен, бәрі де өзінің ретімен болып жатыр. Ширек ғасырға жетер-жетпес кезеңдерде өз тәуелсіздігімізді алғанымызда аптыққан да, асыққан да көңілімізбен қазақтың жоқ-жітігін, соның ішінде тіліміз де бар, айтылмай да, жазылмай келген тарихымызды да бірден орнына келтірмек үшін талпындық. Кейде сол талпынысымыз бос  даурығуға да ұласқандығын да жасырмайық. Сондай сәтте Елбасы «асықпайық, аптықпайық, бізге уақыт керек, бәрі де өзінің орнына келеді» деп қалың елін сабырға шақырғаны да есте әлі.
Иә, бәрі де Елбасы айтқандай өзінің орнына келіп жатыр. Қазақтың тілі дейсіз бе, ол да күні кеше Назарбаевтың сөзімен Біріккен Ұлттар Ұйымының мінберінен әлем аспанында жаңғырды. Және де тұңғыш рет! Қазақ қазақ болып жаралғалы біздің ұлт өзінің ана тілімен әлемдік сахнада тұңғыш рет жарқылдаса, сол мәртебеге туған елін де, туған тілін де Елбасы жеткізді!
Енді міне, Көне Тараз жерінде  Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған іс-шараларға қатысып, осы бір ұлы тарихи оқиғаны көруге, тамашалауға ынтыққан халықтың көлдей болып тасыған қуанышты жүздерімен сол Көне Тараздың көше-көшелеріне сыймай толқыған халықтың ақжарқын көңілдері мен біріне-бірі «құтты болсын» айтысқан ақжарма тілектерін естігенде көңілдің толқығаны да рас. Бұл бір қайырлы шара болды. Бұл бір қазақ болып қалыптасқан кезеңдердің ұлы жиындарының бірі еді. Бұл біздің қазақ елінің өзінің аңсарлы азаттығы мен тәуекелшіл тәуелсіздігінің қайырлы көшінің әлемдік өркениет көшінің алдыңғы қатарына түскендігін айдай әлемге паш еткен ел жасампаздығының жарқын сәті.
Жасанған да, жадыраған Тараздың кең бір алаңына биіктігі 30 метрлік  ақ мәрмәрлі «Қазақ хандығы» монументінің және тақта отырған қазақ хандығының негізін салушылар Керей мен Жәнібек хандардың айбынды бейнелері бүгінгі біздің асқақтығымызбен жарасым тапқанын қайтерсіз?!

 

Міне, сол жарасымды ортаға Елбасы көтерілгендегі халықтың Тұңғыш Президентімізге деген ынта мен ықыласында, ризашылық ниеттерінде шек болмады. Бұл өз елінің өз Елбасына деген шынайы да риясыз көңіл толқыны болатын.
– Біз бұл мерекені тарихымыздың терең екендігін бүкіл әлемге таныту үшін, өскелең ұрпаққа жеткізу үшін өткізіп отырмыз, – деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тараздағы қазақ хандығы тойының  басты мақсатын  осылайша түйді. Елбасының бұл сөзі де  ұлағатты сөз ұғына білгенге!  Ендігі арада біздің әрқайсымыз да  Елбасы танытып келе жатқан өз елімізді бүкіл әлемге таныта беруді мақсат етуміз керек.
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып әуелі Астанада өткізілген халықаралық ғылыми конференцияда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Бүгінгі той – ең алдымен, Қазақ хандығының 550 жылдық тойы. Атақты Мұхаммед Хайдар Дулатидің деректері бойынша, 1465 жылы Қозыбасы тауының етегінде тарихи оқиға болды. Бұл – біздің елдігіміздің тамыры тереңде жатқанын танытатын аса маңызды тарихи дерек. Керей мен Жәнібек хандар Әбілқайыр ұлысынан бөлініп, Шу мен Таластың арасында Қазақ хандығының шаңырағын көтерді. Алты Алаш анттасып, айрылмасқа сөз байласып, Ұлытауға таңбаларын қашап жазды. Осылайша тарих сахнасына Қазақ деген халық шығып, ұлан-ғайыр өлке Қазақ жері деп атала бастады»,–деп атап көрсетіп,  Қазақ хандығы мен Қазақстанның Тәуелсіздігі тұтас бір тарих екендігін айтқан болатын.  
Көк байрағы желбіреген бүгінгі Қазақстан тәуелсіздігінің тарихы мен қазақ хандығы тарихының арасындағы сабақтастықты тұтас бір ұлттың тарихы деп білгеніміз жөн. Ежелден азат ел болу, өз халқын ешкімге тәуелсіз қылмау және бар ағайынмен де, жат жұртпен де тату бірлікте өмір сүру қағидасын ұстанып келе жатқан халқымыз бабаларымыздың ұлы арманына енді қол жеткізгендігін де айтқан ләзім. Бұл жайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлытау сапары барысындағы терең толғамды сұхбатында кеңінен айтқан да болатын. Жалпы, қазақ хандығы және қазақ тарихының тың мәселелері осы Ұлытауда айтылды. Сөйтіп,  Елбасы Ұлытауды ұлықтау арқылы бүкіл қазақ тарихын, бүкіл қазақ хандығының хандары мен би-сұлтандарын ұлықтауға жол ашты. Бүгінгі күні Қазақ хандығының 550 жылдығының халықаралық деңгейде аталып жатуының бастауы да осы Ұлытаудан Елбасының өзі бастап берді. Соған қарап, қазақ тарихы мен руханиятына Елбасыдай қамқорлық жасап, жанашыр болған абзал деген ойдың да көкейге келері бар.
Қазақ хандығы мен Қазақстанның Тәуелсіздігі тұтас бір тарих және ұлт мүддесі сабақтасып жатыр деген ойға тегін келмегеніміз де бар. 2012 жылдың тамыз айының 10-шы жұлдызы күні Елбасы Көкшетауға келген сапарында,  облыс орталығының бас алаңына қойылған ұлы хан Абылайдың ескерткішінің қола мүсінді айбарлы жүзіне қарап тұрып: «Мен Абылайдың арманын орындадым!», – деген  тебіреністі сәтінің куәсі болған едім.
Көкшетаудың Абылай хан алаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқан осы бір ауыз сөзі сан ғасырлар бойы қазақ аузымен айтылмаған сөз еді. Сол айтылды! Мұны Нұрсұлтан Назарбаев айтты! Өйткені, Нұрсұлтан
Назарбаев ханының да, халқының да арманын да, аманатын да орындады!
  «Абылай хан қала сала алмадым деп еді, қала салдым, халқымның басын қоса алмадым деп арманда кетсе, мен қала да салдым, халқымның басын құрап егемен ел де еттім!», – деген Елбасының бұл жүрек сөзінде бүгінгінің әлдеқашан мойындалған ақиқаты жатыр.                                                     
 Елбасының «қала да салдым!» дегендігі өз қолымен Есілдің бойына қондырған Елордасы – Астана қаласы!                                 
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға алыс және жақын шет елдерден бір миллионнан астам қандастарымыз қоныс аударып келгендіктерін ескерсек, бұл Елбасының халқының басын қосқандығы! Және де  Нұрсұлтан
Назарбаев тас маңдайлы тағдырдың жазуымен жер бетіне тарыдай шашырап кеткен барша қазақтың баласын өз ата жұртына жинап алу сияқты ұлы миссияны да атқарып келеді. Әлемде өз қандастарын өз елдеріне жинап алып жатқан екі-ақ мемлекет Израиль мен Германия ғана болса, Қазақстан сондайлардың үшіншісі еді.                                                 
«Мен Абылайдың арманын орындадым!». Иә, мәртебелі Елбасы, Сіз Абылайдың да, Абылай ханға дейін де, одан кейін де өткен ата-бабаларымыздың бар үміті мен зар үмітін де, аңсарлы бар арманы мен мүдделі бар мақсаттарын да орындадыңыз! Бұған талас та жоқ! Бұған күдік пен күмән де жоқ!
 Елбасының ерлігі мен ерік-жігерінің және де ел болашағын кеңінен ойлап піше білген кемел кемеңгерлігімен және де дара даналығымен іргетасы қаланып, осы күндері Еуразия кеңістігінің рухани астанасына айналып отырған Қазақ елінің Астанасы сол Абылай хан мен бұдан өзге де хан, сұлтандардың жүздеген, тіпті, мыңдаған жылдар бойғы асыл армандарын айналасы екі он жылға жетер-жетпес кезеңдерде өз ақыл-парасатымен бір ғана Нұрсұлтан Назарбаевтың жүзеге асырғандығы.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  өз халқының ғана емес, тағдырдың жазуымен қазақ елін мекендеп отырған түрлі ұлттар мен ұлыстардың ынтымағы мен бірлігін, татулығы мен достығын сақтап, барша қазақстандықтарды ортақ мүдде мен ортақ мақсатқа жұмылдырып, біріктіре отырып, көп ұлтты және көп дінді мемлекет құрудың тамаша үлгісін айдай әлемге көрсетіп беріп, сүйсіндіре де білді. Сондықтан да, бүгінгі Тәуелсіз қазақ елінің тарихы сол елдің екі тізгін, бір шылбырын өз қолына ұстаған Нұрсұлтан Назарбаевтың тағдыры, бұған керісінше Елбасының тағдыры қазақ елінің тағдыры мен тарихы болып қалыптасты. Бұл қос тағдыр – тұтас бір халықтың тағдыры!
Елбасының тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, ел бірлігі мен ынтымағын сақтау біздің табысқа жетуіміздің басты кепілі екендігін айтумен болғандығын, әлі де осы қағиданы қайталаудан бір танбайтындығының түпкі мәні мен мағынасының маңыздылығын бізге ұлы уақыттың өзі ұқтырғандай болды. Ел тыныштығы – тәуелсіздігіміздің тұрақтылығының кепілі. Ел тыныштығы, ең әуелі, біздің өзіміздің алаңдамай өмір сүріп, алда тұрған міндеттерді жүзеге асыру арқылы мына дүбірлі дүние дүрмегінің шаңын қауып қалмас үшін керек. Ел болып қалу үшін, егемендікті ұстап тұру үшін керек! Бізге керегі де сол – ел мен егемендік! Қалғанының бәрі де өткінші!
Қасиетті көне Тараз жерінде дүбірлетіп өткізіліп жатқан Қазақ хандығының 550 жылдығына жиналған барша жұртшылыққа менің «Қилы жол» атты тарихи драмалық шығармам бойынша орталық стадион алаңында кең көлемді көрініс ұсынылды. Осы шығарманы жазу барысында мені қазақ руларының бірігіп ел болу жолындағы бірліктері мен ерліктері қатты сүйсіндірді. Қойылым сәтті өтті ғой деп ойлаймын. Бұл спектакльге Алматыдағы Мұхтар Әуезов театры мен Тараз қаласының 400 әртістері, атты әскери құрамалар мен бишілер, барлығы 500-ден астам адам қатысты. Қырық мыңға жуық көрермендер тамашалады. Сахналық көріністің сәтті шығуына жетекшілік еткен атақты өнер иесі, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімов пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Ерлан Біләлге, кеңесші болған  белгілі режиссер әрі театр маманы Есмұқан Обаевқа, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әубәкір Рахимов бастаған Алма Кәкішева, Елік Нұрсұлтан, Мұхтар Қапалбаев сынды режиссерлік топқа, суретшісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Есенгелді Тұяқовқа және барша өнерпаздарға шынайы алғысымды білдіремін.
Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында біздің отандық тарихшыларымыз баға жетпес еңбектер жазып, тың ізденістер мен зерттеулер жасап жатқандығын да айтқан ләзім. Осы орайда, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты бас болып өткізген тарихшылар мен зиялы қауым өкілдерінің жиынына қатысып, осы оқу орнының ректоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дария Қожамжарованың жетекшілігімен жарық көрген біраз кітаптардың тұсауын да кесу рәсімінің куәсі  болдым. Әсіресе, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дария Қожамжарованың редакторлығымен жарық көрген «Қазақ хандығы» энциклопедиясы елімізге белгілі тарихшылар тарапынан үлкен бағаға ие болды. Мұндай энциклопедия елімізде тұңғыш рет жарық көріп отырған көрінеді.
Біз Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау үстінде бүгінгі күні әлемнің тынысы тарылып, дүниенің бүгінгі аласапыранды заманында қасиетті еліміздің бірлігін де тереңірек ойлауымыз керек. Сол бірліктің арқасында Қазақ хандығы құрылды! Сол бірліктің арқасында қазақ халқы тарихтың талайғы бір тар жол тайғақ кешуінен аман өтіп, бүгінгі күнге жетті! Сол бірліктің арқасында қазақ халқы егеменді ел болып, өзінің экономикалық қуатымен және ынтымағымен әлемді сүйсіндіріп отыр! Алған әсер де мол, көңілімізге түйген ойлар да бар.
Біз ең әуелі тарихын жинақтап, өткенін әспеттеп те құрметтеп, хандарын ұлықтап, бүгінгі сан ұлттың бірлігін жарастырып, әлемге үлгі бола аларлық  жаңа тұрпаттағы мемлекет құра білген өзіміздің Елбасымызға тағы да риза болып, мақтандық! Біз Ұлы Дала елі Қазақстанның бүгінгі салтанатына қуандық,  қазақ болғанымызға  шаттандық! Мәңгілік ел болуға жазсын деген адал ниетпен оралдық Тараздан!

Астана.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар