Мен үшін Мәңгілік ел – еңбексүйгіштік пен кәсібилік. Мен біздің елімізде еңбексүйгіштіктің, кәсібилік пен күш-жігеріңнің арқасында кез-келген биікті бағындыруға болатындығын өз тәжірибемнен білемін.
Мен өз еңбек жолымды кассир-инкассатор мамандығынан бастадым. Одан кейін буфетші және аспаз болып еңбек еттім.
Бүгінгі таңда мен біздің сүйікті Қазақстанымыздың атынан ең беделді халықаралық фестивальдарға қатысып жүрмін. Бүкіл әлемге біздің ұлттық ас мәзірімізді қуана көрсетуден жалыққан емеспін. Онда Мәңгілік елдің – біртұтас, тығыз топтасқан, қонақжай біздің халықтың жан дүниесі мен аппақ ниеті көрініс тапқан.
Қазақстандықтардың бай дастарханы барлық отандастарымызды көк байрағымыздың айналасында тығыз топтастыра түседі. Мұнда Ұлы Дала елінің, Мәңгілік елдің жоғарыда айтқанымдай, ақ адал ниеті жатыр. Мен өзімді Қазақстанда туып, осы елде өмір сүріп жатқаным үшін өте бақытты сезінемін. Әрі біздің мемлекетіміздің басшылығында кемеңгер басшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұрғандығын ерекше мақтан тұтамын.
Елена МАЩИНСКАЯ,
Бүкілдүниежүзілік аспаздар ұйымының сарапшысы, Қазақстан аспаздар қауымдастығының президенті.