Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өзекті мәселелер ортаға салынды - АРҚА АЖАРЫ

Өзекті мәселелер ортаға салынды

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалық етуімен аппарат кеңесі өткізілді. Алдымен, облыс әкімі облыстың ауыл шаруашылығы еңбеккерлері егін орағын толық аяқтағаны жөнінде хабарлады. Диқандар ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жандарын сала еңбек етіп, үлкен жеңіске жетті. Қамбаға 4632,7 мың тонна астық құйылып алынды.

Астықтың орташа түсімі гектарына 11,2 центнерден айналды. Астықты аймақ болып саналатын көршілес облыстарға қарағанда, біздегі бидайдың қамырлылығы жоғары.
Кеңес барысында 2020 жылға дейінгі өңірді дамыту бағдарламаларын, «Жұмыспен қамту-2020» және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларын жүзеге асыру барысы жайы талданды. Алдымен, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Мәлғаждаров
баяндама жасады. Баяндамашы өз сөзінде өңірді дамыту мәселелерінің күрмеуі қиын тұстарына назар аударды.
Ауыл-селоларды дамытуға «Дип-ломмен – ауылға!» бағдарламасының тигізетін септігі мол. Тек, бір өкініштісі тиісті жәрдемақы төленіп, жанды жанашырлық көрсетіліп тұрса да барған жерінде тұрақтамай келісім-шартты бұзушылардың қатарының көбейіп кеткендігі. Осындай 164 оқиға орын алған. Енді кезінде көрсетілген жәрдемақыны кейін қайтару туралы мәселе қозғалып, жұмыс жүргізілуде.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Виктор Радченко 2015 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерв қорынан бөлінген қаржыға Көкшетау, Степногорск және Щучинск қалаларында 18 көп пәтерлі тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілгендігін тілге тиек ете келе, жұмсалған қаржыны кейін қайтару мәселесі туындап отырғандығын айтып өтті. Мәселен, 2011 жылғы қаржының тек 32 пайызы ғана қайтқан.
Облыста тұрғын үй аулаларындағы аумақты жөндеу мәселесі де күн тәртібінде. Күрделі жөндеуді қажет ететін аумақтың көлемі 80 пайызды құрайды. Оның үстіне Көкшетау қаласында тұрғын үйлерді орталықтандырылған газ жүйесімен қамту мәселесі шешімін таппай келеді. 2014-2015 жылдары газ бөлетін 43 құрылғы іске қосылды.
32 құрылғыны қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл орайда әлі де шешімін күткен мәселе аз емес.
Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Амангелді Смайылов облыстың құрылыс саласындағы «2020 жылға дейін аймақтарды дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру барысын талдап, баяндап берді.
Облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова үстіміздегі жылдың тоғыз
айында атқарылған шаруаларға тоқталды. Бағдарлама негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылуда.  
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Берік Мұстафин «Бизнестің жол картасы-2020» бірегей бағдарламасын жүзеге асыру барысы жайында баяндап берді. Шешен өз сөзінде облыста бағдарлама қабылданғаннан бері 444 жобаның мақұлданғанын, ал, үстіміздегі 2015 жылы 118 жобаның қолға алынғандығын айтып өтті.
Кеңес соңында облыс әкімі келелі мәселелерді жүзеге асыру жөнінде нақты тапсырма беріп, жұмысты ширата түсуді талап етті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар