Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бастауыш ұйымдар нығайтылуда - АРҚА АЖАРЫ

Бастауыш ұйымдар нығайтылуда

 оңтайландыру нәтижесінде жергілікті филиалдардағы қызметкерлер саны 43 пайызға арттыБұл туралы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов партия филиалдарымен бейнебайланыс форматында өткен кеңесте мәлімдеді.
Осыдан бір ай бұрын А.Мырзахметов өңірлерге жасаған жұмыс сапарлары барысында партия қызметінде жергілікті филиалдарға басымдық берілетінін айтқан болатын. Соның негізінде партияның орталық аппаратындағы құрылымдар саны, әкімшілік шығындар оңтайландырылып, филиалдарға қосымша 358 штаттық бірлік беріліп отыр.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың фракциялары жанындағы комиссиялар арасында «Нұрлы жол» бағдарламасын бақылау бойынша өзара іс-қимыл күшейтілді. Яғни, бақылау жүргізудің жаңа критерийлері жасалынып, өңірлерден алынатын мәліметтерді біріздендіру жұмыстары қолға алынды. Сонымен қатар, «Аудан-облыс-орталық» қағидасы бойынша ай сайынғы мониторинг және ақпаратты жинаудың жаңа тәртібі енгізілді. Бұл жұмысқа бастауыш партия ұйымдарының белсенді мүшелері, 242 филиалдың барлығы және мәслихат депутаттары тартылған. «Нұр Отан» партиясының жетекшілігімен партиялық бақылаудан басқа, ҮЕҰ мен жергілікті жұртшылықтың қатысуымен де қоғамдық мониторинг қамтамасыз етілмек.
Үкімет Басшылығының және Мәжілістегі Фракцияның қатысуымен, сондай-ақ, жергілікті жерлерде  өңірлік билікпен проблемалық мәселелерді тұрақты қарау бойынша уағдаластық жасалған. Осыған ұқсас бюджет қаражатының жұмсалуына, оларға Сайлауалды тұғырнамасының орындалуына тәуелді салалық және мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына партиялық бақылау ретке келтірілетін болады. Бастауыш партия ұйымдарымен жұмысты күшейту бағытында олардың материалдық-техникалық және әдіснамалық базасын нығайту жұмыстары атқарылды. Сонымен бірге, үстіміздегі жылдың соңында бастауыш партия ұйымдарының 1-ші республикалық форумын өткізу жоспарланған.
Уәждемелеуді арттыру мақсатында Мәжілістегі, мәслихаттардағы сайланатын лауазымдарға және партияның билік құрылымдарына ілгерілету үшін БПҰ белсенді мүшелерінің «кадрлық резерві» ережесі жасалынды. Әлеуметтік топтар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету, еңбек ұжымдарындағы ахуалды қадағалау және олардың проблемаларын шешу мақсатында, партия мүшелерінің сапалы құрамын ірі кәсіпорындарындағы, ШОБ және АӨК саласындағы белсенді қолдаушылар есебінен кеңейтілмекші. Бұл ретте, жаңа партия мүшелерінен келіп түсетін жарналар бастауыш партия ұйымдары мен филиалдарда олардың жұмысын ынталандыру және ағымдағы міндеттерді шешу үшін қалатын болады.
Филиалдардың жұмысын бағалау үшін бірыңғай нысаналы индикаторлар әзірленді. 2016 жылдан бастап облыстық филиалдардың төрағалары – әкімдермен бірлескен жұмыс жоспарлары негізінде осы индикаторларға қол жеткізу бойынша нақты іс-шаралар бекітілмекші.
Жалпы алғанда, алдағы ай ішінде партияның 27 регламенттеу құжаты қабылданады деп жоспарланған. Соның ішінде, мәслихаттардың депутаттығына партиядан үміткерлерді іріктеу критерийлерін қабылдау, қоғамдық-саяси жағдайға мониторинг жасау, кадрлық резерв және құжат айналымын қысқарту жөніндегі құжаттар әзірленетін болады. Орталық аппараттың инспекторлары ай сайын өңірлерге шығып, талдау жүргізеді. Оның қорытындысы жөнінде есеп беріліп, бастауыш партия ұйымдарының жұмысы мен өңірлердің өзекті мәселелері жіті назарда болмақ.
Жиын барысында партия төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі Б.Құрманғали сөз алып, партияның жаңа медиа саясаты әзірленіп жатқандығын мәлімдеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелендіріліп, БАҚ-та жаңа айдарлар мен бағдарламалар ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, партия мен БАҚ арасында пікір алмасу алаңы құрылып, рухани құндылықтарды дәріптейтін жаңа жобалар әзірленбекші. «Партия жұмысын одан әрі жетілдіру бағытындағы мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде атқарылатын болады. Бүгінгі күннің өзінде өңірлердегі жағдайдың жақсаруына байланысты оларға деген бақылау күшейтіледі», – деп жиынды қорытындылады А.Мырзахметов.

 

Еркін ҚАЛДАН.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар