Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Нәтижесі – ілгерілеуде - АРҚА АЖАРЫ

Нәтижесі – ілгерілеуде

Елде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар, мемлекеттік индустриялды-инновациялық бағдарламаларды іске асыру, ауылды, тұрғын үй құрылысын дамыту, адамның өмір сүру деңгейін жақсарту жөніндегі мәселелерді шешу, сондай-ақ, қоғамды жұмылдыру туралы халықты ақпараттандыруды арттыру үшін биылғы жылдың 14-18 ақпаны аралығында облыс өңірлерінде барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру кездесулері өткізілді.  
Есеп беру кездесулерінде 1151 адам сөз сөйледі, 780 ұсыныс енгізілді. Мемлекеттік органдар басшыларының атына сын-ескертпелер айтылған жоқ.  
Барлық 780 ұсыныс әлеуметтік сипатта болды, экономикалық және саяси сипаттағы ұсыныстар келіп түскен жоқ.   
665 (85,3 пайыз) ұсыныс бойынша түсініктеме берілді, 101 (12,9 пайыз) ұсыныс өңірлердің іс-шаралар жоспарына енгізілді. 14 (1,8 пайыз) ұсыныс облыс әкімінің қаулысымен бақылауға алынды, оның ішінде республикалық деңгейде шешілетіні – 2, облыстық деңгейде – 12.  
2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша орындалғаны  5 (41,7 пайыз) ұсыныс, оның ішінде Аршалы аудандық ауруханасы үшін санитарлық көлік сатып алуға облыстық бюджеттен 2,1 миллион теңге бөлінді.  
Барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерінде тұрғындардан келіп түскен ұсыныстардың орындалуы туралы барынша толық ақпарат облыс әкімінің сайтына орналастырылды.  

Мұратбек  ТАҚАМБАЕВ,
облыс әкімі аппаратының басшысы.      

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар