Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жанды жұмыс қажет - АРҚА АЖАРЫ

Жанды жұмыс қажет

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткен терроризмге қарсы  комиссияның кезекті отырысында қоғамымызды алаңдатқан діни экстремизм жайлы әңгіме қозғалды. 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Дәулет Қысталасов хабарлама жасады.
Облыс әкімі Сергей Кулагин барлық құқық қорғау органдары өз жұмысын қауіпсіздіктің алдын алуға бағыттауы қажет екенін  еске салды. Бұған әр басшының жауапкершілігі керек деді. Бүгінде осындай теріс экстремистік ағымдардың жетегінде кетіп жатқан жас-
тарды арашалап қалу үшін әлеуметтік жағдайды да тұрақты шешу маңызды екенін айтты. Өз кезегінде бюджеттен де қажет болса, көзін тауып қаражат бөлуге тапсырма берді.
Одан әрі облыстық дін істері басқармасы жанындағы Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Гүлнәр Кәкенова, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар мен жұмылдыру дайындығы бөлімінің меңгерушісі, терроризмге қарсы комиссия аппаратының  жетекшісі Темірбек  Батырханов хабарлама жасап, өз салалары бойынша атқарылған іс-шараларды тілге тиек етті.
Қазіргі таңда ақпараттық-насихат топтарының жұмысы да маңызды болып отырғаны атап көрсетілді. Алдын алу үшін жер-жерге барып, халықтың барлық топтарымен кездесіп, әртүрлі шаралар өткізу қажет. Биылғы жылдың өзінде 800 мың адамды қамтыған 27 мың шара өткізілген. Әсіресе, ғаламтор желісі экстремизмнің өрістеуінің негізгі бір ошағы болып отыр. Сондықтан, блогерлік жұмыстарды жандандыру күн тәртібінде тұр.
Бақыт СМАҒҰЛ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар