Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бизнестегі әйелдердің белсенділігі зор - АРҚА АЖАРЫ

Бизнестегі әйелдердің белсенділігі зор

«Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы» қоғамдық бірлестігінің Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы және «Шеврон» компаниясымен бірлесіп, «Әйелдердің экономикалық ілгерілеуі – бәсекеге қабілетті әлемге жол» деген тақырыпта  дөңгелек үстел өткізді.

Онда шағын және орта бизнес-те жүрген әйел кәсіпкерлердің  экономикалық белсенділігін арттыру мәселесі кеңінен әңгіме өзегіне айналды. Әсіресе, жергілікті жерде жүзеге асырылатын жобаларға қатысатын нәзік жанды кәсіпкерлерді  қолдау тетіктерін қарастыру басты назарға алынды.
Шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы» қоғамдық бірлестігінің президенті
Меруерт Қазбекова төрайымдық етіп, жүргізіп отырды.
Алдымен сөз алған Ақмола облысы әкімі аппаратының жетекшісі Мұратбек  Тақамбаев  аталған шараның маңызды қырларына тоқталды. Кәсіпкерлік салада әйелдердің ара салмағы артып келе жатқанын атап көрсетті. Бизнесте ғана емес, биліктің әр тетіктерінде де олардың жауапты қызметтер атқаратыны тілге тиек етілді. Себебі, әйел – отбасының ұйытқысы ғана емес, өмірдің де тірегі екенін ұмытуға болмайды. Қазіргідей экономикалық үрдістер қарышты дамып отырғанда, жік-жікке бөлінбей, ортақ мүдде жолында еңбек етудің де маңызы зор. Бұған әйел адамдардың өлшеусіз үлес қосып жатқанын атап айтуға болады.
Жиналғандар алдында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Берік Мұстафин, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Фатима Герфанова, жеке кәсіпкер Ирина Жукова және «Қазақстан» телеарнасы облыстық филиалының редакторы Роза Мантаева сөз алып, өз салалары бойынша келелі мәселелерді ортаға салды.
Берік Мұстафин бюджеттің қоржынын толықтыруда кәсіпкерлік саланың үлесі өте жоғары екенін деректер ұсына отырып айтып берді. Мәселен,  біздің облысымызда аталған салада 120 мыңға тарта адам еңбек етеді. Бір ғана мысал. Жарқайың ауданында жергілікті бюджеттің жетпіс пайызы кәсіпкерліктен түсетін салықтардан құралады екен. Мұны басқа аудандар көрсеткішінен де көруге болады.
Дөңгелек үстелде негізінен ауылдағы кәсіпкерлік жайы көбірек айтылды. «Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы» қоғамдық бірлестігімен ұйымдастырылып отырған жаңа жобалар жайлы да ақпараттар ұсынылды.
Шара соңы кәсіпкер әйелдердің емін-еркін пікір алмасуымен жалғасын тапты. Әркім өзін толғандырған сауалдарын жолдады. Бірі ауылды жерде маман жұмысшылардың тапшылығын алға тартса, енді бірі бизнесті өрге бастыру үшін қаржылық қолдаудың қандай тетіктері бар екенін сұрап білді.
Меруерт Қазбекова өзінің қорытынды сөзінде  әйел адамдардың қоғам алдындағы жауапкершілігіне де тоқталып өтті. Өз отбасына, бала-шағасына ізгілікпен қарайтын адам қоғамның да қамынан сырт қала алмайды. Демек, қоғамның әлеуметтік тұрақтылығы ең алдымен әйел адамның еңбегімен де бағаланады. Сондықтан, біз бұл құндылықтарды қашанда басты назарда ұстағанымыз абзал.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар