Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шерге толы шеберлік - АРҚА АЖАРЫ

Шерге толы шеберлік

Таяуда облыс орталығындағы Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілер қолдарымен жасаған қолданбалы өнер туындылары мен суреттерінің көрмесі ашылды. Көрме Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналып отыр. Көрмеге әртүрлі тақырыпта салынған 31 сурет пен 54 қолданбалы өнер туындылары қойылды.   
Сотталған жандардың ішкі жан дүниесін ашып көрсету мақсатында ұйымдастырылған көрменің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Бір айта кетерлігі, осы шараға арнайы мамандар шақырылып, көрмедегі  суреттер мен қолданбалы туындыларға өз бағаларын берді. Байқау қорытындысы бойынша қолданбалы өнер туындыларын сараптаған сәтте ЕЦ-166/18 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші Е.Сердюктің «Үйге оралу», «Наурыз мейрамы» туындылары үздік деп танылды. Екінші орынды осы түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер В.Хайрутдиновтың «Мешіт» туындысы иеленсе, үшінші орын Б.Сүлейменовтың «Алтын адам» атты туындысына берілді. Ал, көркем  суреттер бойынша бірінші орын ЕЦ-166/25 түзеу мекемесінде айыбын өтеуші А.Құсайыновтың «Көңіл күйі», екінші орын А.Макаровтың «Туған жер жазығы», үшінші орын ЕЦ-166/4 түзеу мекемесінде айыбын өтеуші С.Насировтың «Үйге қайту жолы»  атты суреттеріне берілді.
Көрмеге қойылған әр бұйымнан шеберлердің өмірге деген құштарлығы, бостандықты аңсауы байқалып тұрады. Сол арқылы көрерменге ой салады. Көрменің маңызы да сонда.    

Назира РАМАЗАНОВА,
кітапхананың бөлім меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар