Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жауапкершілікті жете сезінгенде - АРҚА АЖАРЫ

Жауапкершілікті жете сезінгенде

қай істің болсын, оңынан оңғарылатыны бар. Облыс әкімі Сергей Кулагин кезекті аппарат кеңесінде көрікті Бурабай баурайындағы ТМД елдері Мемлекет басшыларының кеңесі мен жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің жоғары деңгейде өткізілуін қамтамасыз еткен облыстағы  тиісті қызметтердің бәріне зор алғыс сезімін білдірді.

– Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаровтың басшылығымен бұл орайда, барлық құрылымдар өздеріне жүктелген міндетті ойдағыдай атқарып шықты. Сөйтіп, баршаңыздың жұмыстарыңыздан зор жауапкершілік, асқан үйлесімділік байқалды. Әуежайдан бастап келіссөздер өткен орынға дейін тәртіп, мұқияттылық нышаны жақсы сезіліп тұрды. Арнайы қызметтер, ішкі істер органдары, басқа да құзырлы мекемелер талап биігінен көріне білді. Көкшетау қаласы мен Бурабай, Зеренді аудандарының әкімдерінің де жақсы жұмысын атап өтпей болмайды. Мәдениет, денсаулық сақтау,  орман шаруашылығы салалары өздеріне тапсырылған міндеттерді екі етпеді. Мұнымен біз өз облысымыздың абырой-беделін, мәртебесін көтердік. Сол үшін сіздерге шынайы ризашылығымды жеткіземін. Алдағы уақытта да осылай әрбір істі жұмыла көтеріп, осындай ауызбіршілік таныта берейік, – деді өз сөзінде облыс әкімі.
Бұдан кейін өңір басшысы күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін мәселелерге ойысты. Соның ең бастысы – күзгі жиын-терімді толық аяқтау. Қазір аздап күнбағыс алқабы қалса, ол да таяу күндері түбегейлі орылып бітуі тиіс. Келесі толғандырып отырған бір мәселе, ауыл шаруашылығы саласында жалақы қарыздарының жинақталып қалуы. Ірі тауар өндірушілерге тиесілі 58 миллион теңге берешек ақша осы аптада толықтай өтелуі қажет.
Бағаның азық-түлік өнімдеріне көтерілуі ұн мен нан өнімдерін де айналып өтпеуде. Салмағы 600 грамдық бірінші сортты бір бөлке нан 43 теңге тұратын болса, жаңа жылға дейін оның бағасы 48-49 теңгеден  асырылмауы керек. Қазір  нан пісірушілерге тиесілі дотацияның 60 пайызы алынып тасталып отыр. Жаңа жылдан кейін ол толықтай алынады. Ал, қазіргі бағаны ұстап тұру үшін кемінде жеңілдетілген бағамен 26 мың тонна бидай керек.
Алда қысқы отынның да 3 айлық қорын жасау міндеті тұр. Бұл тапсырма әкімдіктерге осыдан біраз бұрын берілген еді, ендеше, қысқы жылу беру маусымының  ойдағыдай өтуі үшін осы бағытта да нақтылы жұмыстар қажет. Осы мәселеге тоқтала келе, облыс басшысы коммуналдық қызмет ақысы үшін бюджеттік ұйымдар мен жекеменшікте қордаланып қалған қарыздарға да назар аудармай қоймады. Таяу арада жұмысшыларға жалақы беруді қойған Голден Крик компаниясының лицензиясын қайтарып алу туралы үкімет алдына мәселе қойылмақшы. Жыл аяғы таяп келеді. Сондықтан, бұл мәселелердің бәрін тездетіп шешу – уақыт талабы. Қаржы мәселесіндегі кейбір қиындықтар зейнеткерлер мен мүгедектердің зейнетақылары мен жәрдемақыларының уақытында төленуіне кедергі болмауы керек. Әр айдың 10-ына дейін халықтың бұл тобы тиесілі ақшаларын уақытында алып отырулары тиіс.
Қорыта айтқанда, жыл соңына дейінгі қалған екі жарым айда әрбір құрылым өзіне тиесілі салада іскерлік танытып,  жұмыстарын барынша жандандырмай болмайды. Осы орайда, жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлердің есебінен  Калачи, Оразақ ауылдарының мәселелері де толық шешілуі қажет. Биылғы жоспарланған істердің биыл атқарылғаны баршамызға да абырой.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар