1 қазанда елімізде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру басталды.
Биылғы күзде кейінге қалдырылу немесе шақырылудан босатылу құқығы жоқ, сол сияқты, оқу орнынан шығарылған, 27 жасқа толмаған және әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтемеген 18 бен 27 жас аралығындағы 12 мыңнан астам ер азамат Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге шақырылады.
Ақмола облысынан әскерге алынатын мұндай жастардың саны 1500 адамды құрап отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.