Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қаптамаларда қате қаптап жүр... - АРҚА АЖАРЫ

Қаптамаларда қате қаптап жүр…

Бүгінгі қоғамда болып жатқан жәйттарға қарап отырып, дана халқымыздың «сын түзелмей, мін түзелмейді» деген сөздерінің  қаншалықты мағыналы, әрі дөп айтылғанын түсіну қиын емес.

Кем-кетіктерімізді өзіміз түзеп, қателік біткенге сын көзбен қарамасақ болмайды. Әсіресе, мемлекеттік тілімізді қолдануда жіберіліп жатқан олқылықтар елдігімізге сын емей немене?!
Еліміздің халқы қазақ тілін меңгеруі үшін біраз жұмыстар атқарылып келеді. Соның нәтижесінде жеткен жетістіктерімізбен қатар, әлі қолдан келмей жатқан тұстарымыз да аз емес. Ресми жиындарда, басқа да отырыстарда мемлекеттік тіліміз шеткері қалып жататыны жанымызға батады. Әрине, әркімге барып, «сен міндетті түрде қазақша сөйле!» дей алмаймыз. Жүрегінде титтей патриоттық сезімі, жергілікті халыққа деген жанашырлық көзқарас болса, тұрғындар қазақ тілін айтқызбай-ақ өздері үйреніп алар еді ғой.
Қалай болғанда да тіл жанашыры ретінде ана тіліміздің қорлануына жол бермеу – біздің азаматтық борышымыз. Барлығын бірдей қазақша сөйлете алмасақ та, қазақ тілінде қате жазуды  болдырмауға, көп болып қолға алсақ, қауқарымыз жетеді.
Осы орайда, күн сайын өзіміз тұтынып жүрген азық-түлік тауарларында сауатсыз жазылған сөздерді талай байқадық. Әсіресе, шет елдерден әкелінген өнімдердің қаптамаларында қате деген қаптап жүреді.  Ал, енді солай бола тұра, өзіміздің отандық тауар өндірушілердікі де қай басынғандық? Облыс орталығының іргесіндегі  Садовый ауылында шығарылатын сүт өнімдерінің сыртындағы қазақша қателерді көріп, бұл сорақылыққа қатты қынжылдық.  «Приятного аппетита!» деген орысша сөйлемнің бұрыннан бері қазақ тіліне «Асыңыз дәмді болсын!» немесе «Ас болсын!» деп аударылатынын қалай ескермейді?!.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, сырт көз сыншы. Өз тіліміз өз елімізде аяққа тапталып жатқанын көре тұра, бұл масқаралықты тоқтатпасақ, қазақ болып жүргенімізден не пайда?!.  Қысқасы, әлгі сүт қаптамасындағы «Асыңыз болсын!» сөйлемі «Асыңыз дәмді болсын!» деп өзгертілсе дейміз. Әрі осы дұғай сәлемімізді кәсіпорын басшыларына жолдаймыз және облыстық тілдерді дамыту басқармасы да осыны өз бақылауына алып, кемшілік түзеледі деп сенеміз.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар