Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бір-ақ күнде түскен қалың қар - АРҚА АЖАРЫ

Бір-ақ күнде түскен қалың қар

қаланы да, ауылды да біраз әбігерге салды

Табиғаттың тосын мінезін қойсаңшы! Ешкім біліп болмайды. Қыс келмей жатып, осынша қар даланы ақ көрпеге орап тастайды деп кім ойлаған? Күні бойы жапалақтап, саулады да тұрды. Көше де, бақ та, жол да ақ мамыққа тола берді, тола берді. Кешке қарай қалың қардан аяқ алып жүрудің өзі мұң болып қалды. Осыны көрген жұрттың «қыс түсті ме» деп үрпиісіп қалғаны да анық. Оның үстіне, ауа райы да суытып, кәдімгі кәрі қыстың кебін кидік. Таңертең аяғың малтығар осы қардан бүкіл қаланың жағдайы бір сәтте-ақ ауырлап кеткенін көрудің өзі оңай емес еді. Көліктер батып жатыр, жолдар жүргізбейді. «Неге тазаламайды?» деп коммуналдық қызмет мекемелеріне де кінә қою қисынсыз сияқты. Жағдай осылай болады деп олар да ойлады дейсіз бе?
Екі мекеменің бірінде қолдарына күрек ұстап, есік алдындағы қисапсыз қарды тазалауға шыққан аула сыпырушылар. Қалалық коммуналдық шаруашылық қызметкерлері қала ішін жауған қардан тазалау үшін түн ішінде аяқтарынан тік тұрған. Бірақ, қанша тырысқанымен, олардың шамасы түні бойы негізгі көшелерді тазартуға ғана жеткенін таңертеңгі жағдай анық көрсетіп тұрды. Соның өзінде де автобус аялдамалары мен көлік, жаяу жүргіншілер жүретін көпірлерге баса көңіл бөлініп, ыждаһаттылықпен біраз жұмыстар атқарылғанын айта кету керек. Алғашқы сағаттарда жолдарды қардан аршу жұмыстарына 50 адам, 18 техника тартылса, келесі күні табиғаттың бұл тосын мінезінің бетін қайтаруға жұмыс күші көптеп тартыла түскенін де аңғару қиын болмады.
Қауқарлы қала осылай болып жатқанда, қалың қардан ауыл не күй кешіп жатыр екен?! Көше бойы кәдімгідей үйіліп қалған қарды көріп, көңілді осы ой да мазалайды. «Күн суыта бастады, мына қар осы бетпен жатып та қалуы мүмкін-ау» деген сәуегейшілердің жорамалына негіз жоқ екенін аңғартқандай, бүгін түске таман күн қайта жылынып, жауған қар жіби бас-тады. Демек, ол әлі ериді деген сөз. Бұл кезде көшелері мен тротуарлары да түскен қардан жаппай тазартылып, өз-өзіне келіп қалған қала да «бізді әлі тықсыра алмайсың» дегендей еркін тыныстауға көшкен. Біз үшін расында, күннің әлі жылы күйінде тұра тұрғаны абзал. Бұл ауылдағы ағайынға да алдағы кәрі қысқа деп жинаған отын-шөбін үнемдей тұруына сеп болары анық.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар