Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еліне елеулі, халқына қалаулы - АРҚА АЖАРЫ

Еліне елеулі, халқына қалаулы

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастауыш ардагерлер ұйымында сексенге жуық адам бар. Олардың барлығы да кезінде жауапты қызметтерде жұмыс істеген жандар. Егде адамдарды қолдау айлығында осы ұйымдағы ел ағалары жайлы айта кетуді жөн көріп, қолыма қалам алдым.

Солардың ішінен алдымен, соғыс ардагері Салық Ақтаевтың ғұмыр жолына ерекше тоқталып өткім келеді. Ол он сегіз жасынан қолына қару алып,  Отан қорғауға  аттанған. Берлин түбіндегі шайқастарға қатысып, соғысты 33-інші дивизияның 180-інші механикаландырылған полкінің сержанты атағымен, зениттік-артиллериялық қару командирі болып аяқтады. 1950 жылы әскерден оралғасын жеті жыл Көкшетау қаласында ішкі істер басқармасында коменданттың көмекшісі болды. Құрметті зейнет демалысына шыққанға дейін Салық Ақтаев өзінің туып-өскен Қазақстан ауылында механизатор болып жұмыс істеді. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Германияны жеңгені үшін» және басқа да көптеген медальдармен марапатталды.
Ардагерлер ұйымының құрамында жүрген сыйлы ақсақалымыздың тағы бірі – Мұңайтпас Нүпілов. Ол кісі сонау 1956 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын тәмамдағаннан кейін өзінің еңбек жолын Зеренді ауданындағы «Труд Пахаря» колхозында аға агроном болып бастаған екен. Отыз жылдан астам уақыт Рузаев ауданында бөлімше меңгерушісі, бас агроном, кеңшар директоры қызметтерін абыроймен атқарған. Бірнеше рет ауылдық Кеңестің депутаты, аудандық партия комитетінің мүшесі болып сайланған. Мұңайтпас ақсақал да «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет Белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Бұл адал, нәтижелі еңбектен алған ел алғысы емес пе?!
Ал, Дастан Хасенов есімді қариямыз Рузаев ауданындағы Сарыбұлақ ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан. Сондай-ақ, мектепте мұғалім болып жұмыс істеп, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде зор еңбек сіңірген. Дәкеңнің ұйымдастырушылық қабілеті бөлімше меңгерушілігіне сайланғаннан кейін анық көріне түсті. Оның басқаруымен шаруашылық озаттар қатарында болды. Жаңа үйлер салынып, су құбыры тартылды, ауыл ажарлана түсті. Қажырлы еңбек елеусіз қалған жоқ. Дастан Хасенов «Еңбек Қызыл Ту» орденінің және «КСРО ауыл шаруашылығы саласының үздігі» белгісінің иегері.  
Мақтан тұтар тағы бір қартымыздың есімі Қайыржан Қиықов. Ол ұзақ жылдар бойы мал дәрігері болып жұмыс істеген адам. Қызметте өзін білгір маман екендігін көрсетіп, ел алғысына бөленді. «КСРО азаматтық қорғаныс ісінің озаты» деген құрметті атаққа ие.
Көкшелік Еңбек Қабдановтың есімі де көпшілікке аян. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын тәмамдап, Володар ауданының «Айыртау» кеңшарында шеберхана меңгерушісі, Зеренді ауданының «Подлесный»  кеңшарында бас инженер қызметтерін атқарды. 1980 жылдан Зеренді аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1993 жылдан «Целина» акционерлік қоғамының президенті, аудан әкімі, «Ерұлан» шаруа қожалығының басшысы болды.
Ал, Алтай Нұрғасымов бұрынғы Чкалов ауданының Қарағаш ауылының тумасы. Омбы қаласындағы ауыл шаруашылығы институтын бітірісімен Көкшетау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына аға агроном болып қызметке орналасады. 1961 жылы облыста жаңа шаруашылықтар құрылуына байланысты бұл кісі Ленинград ауданындағы «Айсары» кеңшарына бас агроном қызметіне жіберіледі. Осы шаруашылықта көп жыл абыройлы қызмет атқарып, «Чистяков» кеңшарына директор қызметіне тағайындалады. Алтекең басқарған 15 жылдың ішінде мұнда 464 орындық мектеп, 140 орындық балабақша, машина-трактор шеберханасы, автомобиль паркі, жылу қазандығы, мал қоралары, көптеген үйлер салынды. Шаруашылық  қой өсіруге бағытталғандықтан, қой саны 16 мың бастан 31 мың басқа жетеді. Кейін өз өтінішімен бұл қызметінен босатылып, Ащыкөл элеваторына директор болды. Оны он алты жыл абыроймен басқарып,  зейнеткерлікке шықты.
Міне, біз аяулы ардагерлеріміздің тек бір тобының ғана қысқаша еңбек жолына тоқталып өттік. Әрине, ұйымдағы барлық ардагерлердің өмірбаяндарын бір мақалаға сыйдыру мүмкін емес. Сондықтан, ең бастысы, осы ақылшы ардагерлеріміздің бәрі аман болсын, келесі Қарттар күніне есен-сау жетуге жазсын демекпіз.
                                    Совет ХАМИТҰЛЫ,
        облыстық ауыл шаруашылығы
    басқармасының баспасөз хатшысы,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар