Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үнді телехикаяларынан жалықтық - АРҚА АЖАРЫ

Үнді телехикаяларынан жалықтық

Отандық телеарналардың ақпарат тарату, көрерменге қызықты бағдарламалар ұсыну ұмтылысын әрине, жоққа шығармаймыз.

Тек, «әттеген-ай» дегізетін кейбір тұстарын осы мақалама арқау етсем деймін. Осы күні қай телеарнаны қоссаңыз да, үндінің сағызша созылған телехикаялары алдыңыздан шыға келетіні ешкімге жасырын емес. Осыдан тура үш жыл бұрын көрерменге жол тартқан «Келін», «Қыз ғұмырынан» бөлек, «Сен келерсің», «Үмітіңді үзбе» сынды үндінің бір сарындағы кино туындылары жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай еліміздің телеарналарын күнбе-күн жаулап алуда. Егер олардың мән-мағынасы қоғамға қандай да бір пайдасын тигізетін болса, бұлай назымызды білдіріп отырмас едік қой. Көгілдір экрандағы бітпейтін отбасылық дау, бірін-бірі кемсіту, өлтіру, ерлі-зайыптылардың арасына от салатын эпизодтар ұлтымызға жақсылық әкелмейтіні анық.
Бұған дейін латынамерикандық, түрік киноларына да көрермендер тарапынан біраз сын айтылып, аталған елдердің киноларын көрсету біршама бәсеңсіген еді. Енді қомақты қаржыға жүздеген сериялы киноларын сатып алу арқылы Үндістанның киноөндірісін өркендетіп жатырмыз.
Өзім ауылдық мектепте бастауыш сыныптарға сабақ беремін. Шәкірттерім әлі бала болса да, әлгі телехикаялардағы әртістердің аттарын жатқа біледі. Тіпті, кейде теледидардан көргендерін қайталап әңгімелеп қояды. Күні бойы жұмыста, одан кейін үйдің шаруасымен жүріп, ата-аналардың балаларына уақыт таба бермейтіні рас. Ал, демалыс күндері үлкеннің де, кішінің де таңның атысынан кештің батысына дейін телміріп қарайтыны – теледидар. Сондықтан да, өзгенің салт-дәстүрін насихаттайтын жоғарыдағыдай дүниелерді көрсеткеннен гөрі, отандық телеарналар жан дүниемізді байытып, жастардың отансүйгіштік қасиетін арттыратын өз төл туындыларымызды көрермен назарына көптеп ұсынса деген тілегіміз бар.  

Ақерке МҰХАМБЕТЖАНОВА.

Ақан ауылы,
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар