«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциясы Заңының 23-бабына сәйкес Атбасар және Целиноград аудандары әкімдерінің шешімдерімен аумақтық сайлау комиссияларымен келісе отырып 2 жаңа сайлау учаскелері құрылды:
Атбасар ауданы, №810 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Атбасар қ.,
Ш.Уәлиханов к., 15.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасы.
Целиноград ауданы, №811 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Қосшы а., №2 орта мектеп, «Лесная поляна» тұрғын үй кешені 18/1.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Қосшы а., «Лесная поляна» тұрғын үй кешені, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 13/1, 14, 14/1, 14/2, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, «Алтын дала» шағын ауданы,1,2.
Қазақстан Республикасы Конституциясы заңының 10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссиялары саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттармен, басқа да қоғамдық ұйымдармен және жоғары саяси партиялармен сайланады. Әр саяси партия және қоғамдық ұйым 2015 жылдың 23 қарашасына дейін учаскелік сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың учаскелік сайлау комиссиясының құрамына партия мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқықтары бар.
Ұсыныстар келесі мекен-жайға жолдансын: Атбасар ауданы, Атбасар қ., Ш.Уәлиханов к., 9, Атбасар аудандық мәслихаты, анықтама телефондары: 8 (716-43) 2-45-00, 2-66-05, Целиноград ауданы, Ақмол а., Гагарин к., 14, Целиноград аудандық мәслихаты, анықтама телефоны: 8 (716-51) 3-11-48.
Атбасар, Целиноград аудандық мәслихаттары.