Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жан жылуын сезінді - АРҚА АЖАРЫ

Жан жылуын сезінді

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қолдауымен облыстық  мүгедектер қоғамы мүмкіндігі шектеулі жандарға дастархан жайып, қоғамдық өмірге белсене атсалысқандары үшін  Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Шараға облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының және Көкшетау, Степногорск қалалары мен бірқатар аудандардың жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру  бөлімдерінің басшылары мен мүмкіндігі шектеулі адамдар қатысты.
Салтанатта «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кеңесшісі Күләш Кәршалова құттықтау сөз сөйлеп, мүмкіндігі шектеулі адамдарға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау жөнінде атап өтті. Өңірдің мүмкіндігі шектеулі азаматтарының мүдделерін қорғап, әрқашан қамқор болып жүретін жандарға алғысын білдірді. Сондай-ақ, мүгедектерді құттықтаған облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Серік Ақымбаев, қалалық және аудандық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру  бөлімдерінің басшылары жүрекжарды тілектерін айтты.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдауға арналған бұл шара өзге ұйымдарға үлгі-өнеге болатынын жеткізді. Облыстық филармонияның бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Мәдениет қайраткері Ғалия Рамазанованың басшылығымен қойылған қайырымдылық концерті қатысушылардың көңілінен шықты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар