Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ойын алаңын сыйға тартты - АРҚА АЖАРЫ

Ойын алаңын сыйға тартты

 

Облыс орталығындағы ақыл-есі кем және психикалық дамуы кеш балаларға арналған №1 облыстық арнайы түзету мектеп-интернатында «Аяла» қайырымдылық қорының
«Менің балалық шағымның ауласы» жобасы аясындағы жаңа ойын алаңының  ашылу салтанаты болып өтті.

 

Әткеншек,  алтыбақан сияқты ойын құрылғыларынан тұратын алаңның құны 1 миллиард 474 мың  теңге. Ойын арқылы балалардың ой-өрісін дамытуға болатынын ескерсек, бұл – ақыл-есі кем жеткіншектер үшін өте қажет дүние. Аталмыш мекеме директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Алтын Мұстафинованың  айтуынша, оқыту үрдісінде  ойынның сан түрі қолданылып, оған үлкен мән беріледі екен.  Тіпті, түсі әртүрлі заттарды пайдалана отырып, баланың санасына әсер етуге болатыны да назардан тыс қалмайды. Бүгінде мектеп-интернатта 259 бала оқытылып жатса, оның 108-і жарымжан балалар. Барлығының мінез-құлқы  сан қилы. Сол себепті, оларды сауықтыру барысындағы күнделікті сабақтарға ойын түрлерін енгізу мамандар тарапынан үлкен қолдауға ие болып отыр.
Қордың Астанадағы өкілі Ксения Филимонова өз сөзінде бұл жоба 2007 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқанын алға тартты. Содан бері балалар ауруханалары, шипажайлар мен балалар үйлерінде 40 ойын алаңы құрылыпты. Бұған қоса, «Аяла» қайырымдылық қоры аталған мектеп-интернатына екі ноутбук сыйға тартқан көрінеді.
Тағы бір қуантарлығы, жаны жомарт жандардың  көмегімен оқу сыныптарында тігін машиналары мен ағаш жону білтектері орнатылған. Білікті педагогтардың үйретуімен тәрбиеленушілер ағаштан әртүрлі бұйымдар жасап, тігіншілікпен айналысуда. Игі шара соңында оқушылар қонақтарға шағын концерт қойып, ән-жырдан шашу шашты.

 

Ырысгүл АШУОВА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар