Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Атына заты сай кәсіпорын - АРҚА АЖАРЫ

Атына заты сай кәсіпорын

Аудан орталығындағы «Урожай» серіктестігінің элеваторы еліміздегі ең ірі астық қабылдау кәсіпорындарының бірінен саналады. Оның бір маусымда 225 мың тонна астық қабылдауға мүмкіндігі бар.

«Урожай» серіктестігі тек астық сақтаумен ғана емес, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен де айналысады. Кәсіпорынның диірмені мен макарон өнімдерін шығаратын цехы бар. Соңғы жылдары элеватор аумағында бірқатар жаңа өндіріс нысандары салынып, пайдалануға берілді. Солардың қатарында қазіргі заманғы шет елдік құрылғылармен жабдықталған нау-байхананы атап өтуге болады.
Бүгінгі таңда бұл наубайхана аудан орталығының тұрғындарын нанмен толық қамтамасыз етіп отыр. 2006 жылдың күзінде жанар-жағармай сақтайтын қойма пайдалануға берілді. Төрт жыл бұрын қоймада сыйымдылығы мың текше метр дизель отынын сақтайтын екі ыдыс орнатылып, темір жол салынды. Бұл қойманы Көкшетау қаласындағы «Элеваторремстрой» құрылыс фирмасы салғанын атап өткен ләзім. Тәулігіне 150 тонна ұн тартатын бұрынғы диірмен жанынан тәулігіне 250 тонна ұн тартатын диірмен салынды. Диірменнің қондырғылары Түркиядан әкелінді. Ол толық автоматтандырылған. Таразысы компьютер арқылы басқарылады. Диірменге астық механикаландырылған жүйе арқылы жеткізіледі. Ол электронды таразы арқылы өлшеніп, бірден диірменге түседі.
Қазіргі заманғы озық технология бо-йынша жұмыс істейтін бұл диірменді де жоғарыда аталған көкшетаулық құрылыс фирмасы салды. Диірмен жұмыс істей бастаған кезде кебекті қайда жібереміз деген мәселе туындаған еді. Осы орайда, Ресейдің Қорған қаласынан жарма жасайтын қондырғы әкелініп орнатылды. Кебектен жасалған жарма мал азығына пайдаланылуда. Өткен жылы сағатына 10 тонна  құрама жем шығаратын жаңа зауыт салу жұмысы қолға алынды. Кәсіпорын иесі «ТНК» агрофирмасының бас директоры Батыр Уәлиев пен «Урожай» серіктестігінің директоры Ғабиден Бірәлин биыл көктемде қондырғыларды пайдалану тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды қолға алған еді. Жаз бойы элеватор аумағы құрылыс алаңына айналып, жұмыс қарқынды жүргізілді.  Сөйтіп, 9 бригада қыруар жұмыстар атқарды. Алдымен, үш астық кептіргіш  жөндеуден өткізілді. Жүк көлігін қабылдайтын 110 метрлік жаңа желі іске қосылды. Бұл астық қабылдауды бір жарым еседей жылдамдатты. Бүгінгі күні элеватордың тәулігіне 6 мың тонна астық қабылдауға мүмкіндігі бар.
Биыл ескірген бір жарым мың метр тасымалдау таспалары мен астық өтетін 250 метр құбыр ауыстырылды. Элеватордағы жүргізілген  қайта жаңғырту жұмыстары өз нәтижесін беруде.  «Урожай» серіктестігі 2007–2014 жылдары ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін ең үздік кәсіпорын ретінде облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталған. Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына сәйкес, серіктестік мамандары техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан сақтану және олардың алдын алу бағытында өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын дайындаған еді. Бұл декларация сараптамадан өткізіліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өкілетті органда тіркелді. Шынында да,  мұнда өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауға  жете көңіл бөлінеді. «Урожай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  осындай игі істері қай жағынан болсын атап өтуге әбден лайық.

Сердәлі ЖҰМАНОВ,
Ақмола облысының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласының  мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік
инспекторы.
Жақсы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар