Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сот мәжілісінің ашықтығы қамтамасыз етілуде - АРҚА АЖАРЫ

Сот мәжілісінің ашықтығы қамтамасыз етілуде

Демократиялық қоғамдағы сот төрелігінің  маңызды қағидаларының бірі – ол сот төрелігінің ашықтығы. Яғни, ол, сыбайлас жемқорлықтың пайда болмауына және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал етіп, сот төрелігін іске асыру кезінде судьялар мен сот процесіне  қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға жағдай жасайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезінде: «Ғаламдық проблемаларға тойтарыс беру үшін біздің мемлекетімізге стандарттық емес және мықты жауап қажет. Бір орында тұрмауымыз қажет. Біздің мемлекетіміздің күшеюі үшін жеткен жетістіктеріміздің негізінде біз алға ұмтылуымыз қажет. Ол үшін мен бес институционалдық реформаны жандандыруды ұсынамын», – деп атап өтті. Елбасы ұсынып отырған бес институционалдық реформаның бірі – сот жүйесінің ашықтығы. Бүгінгі таңда сот жүйесі азаматтардың заңды мүдделері мен бостандықтарын, құқықтарын қорғауда, кепілдіктерін бекітуде маңызды рөл атқарып  келеді.  Сондықтан, сотта жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, сот өндірісін жеңілдету, қолжетімділікті арттыру, сот әділдігінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету – еліміздің сот билігін  дамытудың аса маңызды басымдықтарының бірі болып табылады.
Жалпы, сот органдарына ақпараттық технологияларды енгізу бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-сараптамалық жүйені енгізуден басталды. Бұл бағдарлама қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар арқылы соттың қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында әзірленген. 2008 жылдан бастап соттың барлық іс қағаздары электронды түрде жүргізіліп келеді. Енді қазіргі таңда салаға енгізіліп отырған жаңа технологияларға тоқтала кететін болсақ, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының бастамасымен 2014 жылы сот жүйесіне бірқатар жаңа технологиялар енгізілді.
Атап айтсақ, олар: «сот құжаттарымен танысу» қызметі,  жеделхат қағидасы бо-йынша «Қазпошта» акционерлік қоғамымен бірлесіп жүзеге асырылатын «Гибридті электронды пошта» және автоматтандырылған пошталық жолдау жобалары, «сот кабинеті» деп аталатын сот құжаттарына шығудың бірыңғай терезесі сияқты ақпараттандыру тетіктері. Құжаттарын жедел алу үшін «Сот құжаттарымен танысу» қызметі пайдаланылады. Сотқа жазбаша талап арыз берген азаматтың  қолына талон беріледі. Содан соң талап беруші азамат арызында көрсеткен ұялы телефонына істің сот өндірісіне қабылданғаны, сол іс бойынша ұйғарым шығарылғаны, қабылданған акті туралы интернет-ресурсы арқылы таныса алатындығы туралы смс хабарламалар келеді. Интернет арқылы аталған сот актілерімен танысу үшін келген смс хабарламада логин мен паролі көрсетіледі.
Осылайша құжаттарды бұрынғыдай поштамен немесе пошта хабарламасымен жолдаудың қажеті жоқ. Мұндай қызметті қолдану ақшаны да, уақытты да үнемдеуге мүмкіндік береді. Өткен жылы енгізілген «Гибридті электронды пошта» және автоматтандырылған пошталық жолдау жобалары өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Кеңсемен жіберілген хаттар конвертке салынып, бірегей пошталық штрихті идентификаторды енгізу арқылы поштаға жіберіледі. Осыдан соң біздің базада хаттардың кері қайтарылғаны, не жіберілгені көрініп тұрады. Осының арқасында облыс соттарында пошталық хаттардың жоғалу және уақытында жеткізілмеу фактілері жойылды. «Гибридті электронды пошта» – алушыға жеткізілетін қағаз түріндегі хат-хабарлар. Гибридті жолдау технологияларын қолдану кезінде кеңседен хаттар пошта байланыс бөліміне электронды түрде жолданылады, одан әрі қарай пошта бөлімшелері алынған электронды хатты қағаз түрінде басып шығарады және конвертке салып көрсетілген мекен-жайға жеткізіп береді. Жоба басталғалы бері аймақтағы соттардан «Гибридті электронды пошта» құралымен 9772 электронды шақыртулар жолданды.  
Кез-келген талап-арыздарды «Сот кабинеті» сервисіне беру үшін  халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды сандық қолтаңба алу міндетті. Яғни, талап-арыз беруші тұлға өзінің жеке басын куәландыруы қажет.  
Сонымен қатар, үстіміздегі жылы респуб-лика соттарында «Төрелік» атты пилоттық жобасы іске қосылды. Оны енгізу барлық құжат айналымын және сот ісін жүргізуді толығымен автоматтандыруға мүмкіндік береді. Бұл жүйенің ең басты міндеттерінің бірі – барлық процессуалдық іс-әрекеттердің мерзімдеріне бақылау жасау. Аталған жоба сот өндірісін жеңілдетеді, статистикалық және сараптамалық есепті, жеделдікті және қолжетімділікті қалыптастырып, бюрократиялық кедергілерді төмендетеді.
Құжаттар мен сот актілеріне мүдделі тұлғалардың онлайн қолжетімділігі де қарастырылған. Келіп түскен арыз- шағымдарды судьяларға бөлу мамандардың көмегінсіз жүзеге асырылады. Бұл  өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың жол берілмеуіне жағдай жасайды.  «Төрелік» пилоттық жобасында сот отырысындағы аудио-бейне жазулар және хаттамалар автоматты түрде осы базаға түседі. Қазіргі таңда облысымыздағы сот залдарының аудио-бейне жазу жаңа жүйесімен жабдықталуы 48 пайызды құрайды. Жыл аяғына дейін  жергілікті соттардың сот отырыс залдарын 100 пайыз аудио-бейне жазу жүйесімен жабдықтау жоспарланып отыр.
Өткен жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілді.
Азаматтық іс жүргізу кодексіндегі өзгертулер сотта істерді қарау тәртібін әрі қарай жетілдіруге бағытталған. Аудио-бейне хаттама жазбаша түрдегі хаттамамен бірдей қолданылады. Сот жүйесі халық алдында сот процесінің қолжетімділігі мен жеделдігін қамтамасыз ету бойынша жаңа технологияларды қолдана отырып сот төрелігін жүзеге асыруды жеңілдететін  міндеттерді қабылдайды.

Данияр САРЫМСАҚОВ,
Ақмола облыстық сотының
кеңсе басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар