Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауқымды жұмыстар атқарылуда - АРҚА АЖАРЫ

Ауқымды жұмыстар атқарылуда

Облыс əкімі Сергей Кулагин кезекті жұмыс сапарымен Бурабай, Ақкөл және Целиноград аудандарында болып, әлеуметтік-өндірістік нысандардың жұмысымен танысты, сондай-ақ, көктемгі су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысына назар аударды.

  Өңір басшысы алдымен Бурабай ауданының «Бурабай су арнасы» коммуналдық кәсіпорнына қарасты кәріздік тазалау стансасының жұмысымен таныс-ты.  Кәсіпорын басшысының орынбасары Юрий Садовниковтың айтуынша,  стансада бүгінгі күні Щучинск қаласынан кәріз жүйесі арқылы келетін қалдық суларды механикалық жолмен залалсыздандырады. Стансаның жобалық қуаты тәулігіне 17 мың текше метр су тазалауға арналған болса,  қазіргі кезде 4 мың текше метр су залалсыздандырылуда. Кәсіпорын жұмысымен танысқан өңір басшысы станса маңын жөнге келтіріп, еңбек қауіпсіздігін сақтап, жұмысшылардың еңбек етуіне жағдай жасауды тапсырды.
Сонымен қатар,  облыс әкімі Атамекен ауылындағы шаруасын дөңгелетіп отырған жеке кәсіпкер Болат Әбдірахмановтың сүтті-тауарлы фермасы мен ат қорасында болды.  Кәсіпкер «Сыбаға» бағдарламасы арқылы сүт өндіруді жоспарлап отыр.  Әзірге, ол сүті майлы асыл тұқымды ірі қараны күтіп,  баптау үшін жаңа мал қорасын салып,  110 бас сиыр сатып алған.  Алдағы уақытта сауын сиырларының санын 200-ге жеткізуді межелеуде.
Сондай-ақ, мұнда асыл тұқымды ағылшын жылқылары да бағылады. Бүгінгі күні кәсіпкердің жеке иелігінде 16 сәйгүлік күтіліп,  бапталуда. Кәсіпкер ауыл мектебіндегі балаларды ат спортына баулып, республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысуда. Мұндағы игі істерге оң бағасын берген өңір басшысы кәсіпкерге қажет болған жағдайда алдағы уақытта кәсібінің дамуына қолдан келгенше көмек көрсететінін айтты.
Одан әрі облыс әкімінің сапары Ақкөл ауданында жалғасты. Мұнда
аудан орталығында орналасқан №1 Ақкөл балалар үйінде қолға алынған күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен таныс-ты. Өңір басшысына осы іске жауапты мердігер «Камила» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Анатолий Кривицкий құрылыс жұмыстарының аяқ алысы жөнінде баяндап берді.
Оның айтуынша,  мұнда үстіміздегі жылдың шілде айында басталған жөндеу жұмыстары прокуратура органдарының тексерісінен кейін уақытша тоқтап қалған көрінеді. Осы күні жөндеу жұмыстары қайта жанданып, нысанға су құбыры тартылып, ішкі бөлмелерді бөлу жұмыстары қызу жүргізілуде. Сондай-ақ,  құрылысшылар нысанның төбе шатырын жауып, ішкі әрлеу жұмыстарына кірісіп кеткен. Құны 715 миллион теңгеге бағаланып отырған балалар үйі ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын келер жазда аяқтау жоспарланса, осы күні оның 140 миллион теңгесі игерілген.
– Кейбір кемшіліктер бар. Олар жұмыс барысында дұрысталады деп ойлаймын. Дегенмен, ең бастысы балалардың жатын корпусы болғандықтан олардың жатып, тұруына ыңғайлы болғаны дұрыс. Сондықтан, әрбір бөлмені бөліп,  орналастыруда ұқыптылықпен келген жөн, – дей келе облыс әкімі Сергей Кулагин мердігерлерге құрылыс жұмыстарын ширатуды тапсырды.
Аталған ауданға жұмыс сапарының соңында өңір басшысы  «Агромашхолдинг» акционерлік қоғамының Ақкөл филиалы «Сервистік орталығында» және «Пегас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, астықты сақтап, кептірумен айналысатын жүк тиеу кешенінің құрылысымен танысты. Сервистік орталық ауыл шаруашылығы техникаларын сатумен және оларға сервистік қызмет көрсетумен айналысуда. Алдағы уақытта орталық жұмысын кеңейтуді жоспарлап отыр.  Ал, астықты сақтап, кептірумен айналысатын жүк тиеу кешені «Пегас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болса, қазіргі кезде Ресей, Түрік елдерінен әкелінген қондырғылар орнатылып, іске қосу алдындағы дайындық жұмыстары пысықталуда.
Сонымен қатар,  облыс әкімі Целиноград ауданында да болып, көктемгі су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысын ширату жөнінде жауапты адамдарға нақты тапсырмалар берді.
Қазіргі кезде  табиғат апатының зардаптарын жою бағытында Оразақ ауылында екі пәтерлі 100 үйдің құрылысы қызу жүргізілуде. Жақында осында екі пәтерлі 46 үй пайдалануға беріліп, 92 отбасы баспаналы болған еді. Оған қоса 12  үйдің құрылысы аяқталып, тапсырылғалы тұр. Бұл жақында тағы қосымша 24 отбасының пәтерлі болатыны сөзсіз. Дегенмен мердігерлердің алдында қарашаның ортасына дейін аталған үйлердің құрылысын толық аяқтап,  тапсыру міндеті тұр.
Құрылыс жұмыстарымен танысқан облыс әкімі Сергей Кулагин Оразақ ауылында аудан әкімдерінің орынбасарлары мен мердігерлердің қатысуымен мәжіліс өткізді. Мәжілісте облыстық құрылыс басқармасының басшысы Амангелді Смайылов, аудан әкімі Мәлғаждар Тәткеев және мердігер компания басшыларының баяндамасын тыңдай келе, салынып жатқан үйлердің сапасын назардан шығармай, мерзімінде пайдалануға беруді тапсырды.
– Биылғы жылы облыс бойынша көктемгі су тасқынынан зардап шеккендер мен «ұйқы ауруы» дендеген Калачи және Красногорск тұрғындарын көшіру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды.  Бұл жұмыстар әлі де жалғасуда. Оның ішінде Оразақ ауылына келетін болсақ, мұнда салынып жатқан құрылыс жұмыстарына облыстағы қала және аудандардан жұмыс күші жұмылдырылуда. Сондықтан, күн тәртібінде тұрған басты міндет құрылыс жұмыстарын көп болып, тез арада аяқтап,  тұрғындарды жаңа баспанаға қоныстандыруымыз керек, – деді өз сөзінде облыс әкімі.

 

Аслан ОСПАНОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар