Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мүгедек жандар бір жасап қалды - АРҚА АЖАРЫ

Мүгедек жандар бір жасап қалды

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен облыс орталығындағы «Достар» мәдениет сарайында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Өз жұлдызыңды жақ!» мерекелік фестивалі болып өтті.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту, оларды қоғамдық және әлеуметтік өмірге араластыру мақсатын көздеген игі шара «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында өткізілді.
Ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған №1 облыстық арнайы түзету мектеп-интернатының, есту және тіл кемістігі бар балаларға арналған №4 мектеп-интернаты, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінің, «Аялау» орталығының тәрбиеленушілері сахна төрінде өз өнерлерін көрсетті. Арбаға таңылған мүгедек жандар  Қымбат Досмағамбетова, Еркін Ғаббасов, Ерлік Сәбитов пен Валерий Чернышовтың Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінің студенттерімен бірге билеген билері де көпшіліктің зор ризашылығына бөленді.
Шара демеушілері, атап айтсақ «ForteBank» акционерлік қоғамының филиалы Қазақ зағиптар қоғамына музыкалық-акустикалық жабдықты тарту етсе, «Сбербанк» филиалы аталмыш бірлестікке ақшалай көмек көрсетті. «Plaza hotel» кешенінің жетекшілігімен Қазақ саңыраулар қоғамы үшін жаңа компьютер сатып алынды.
Сондай-ақ, партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов  «Шанс» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Василий Шиманскиймен «Ақ ниет» Көкшетау қаласының мүгедектер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Қымбат Досмағамбетоваға «Жұлдызды кездесулер» патриоттық акциясының арнайы номинациясын салтанатты жағдайда тапсырды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар