Аудан әкімі Жомарт Нұркенов 90 жасқа толған Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Купинды құттықтау үшін үйіне арнайы барды.
Аудан басшысы мерейтой иесіне Алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс ете отырып, қарияға мықты денсаулық, рухани сергектік және баянды бақыт тіледі.
Өткенге шегініс жасасақ, майдангердің әскери жолы Украинадан Берлинге дейін №386 танкке қарсы артиллерия полкі құрамында өткен. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін ардагер ІІ дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Праганы азат еткені үшін», «Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдары және Кеңес Одағының маршалы Жуков атындағы төсбелгісімен марапатталған. Бүгінде майдангер қарт үш баладан алты немере және сегіз шөбере сүйіп отырған аяулы ата.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Аршалы ауданы.