Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Түзу көзқарас керек - АРҚА АЖАРЫ

Түзу көзқарас керек

 Қызылту орта мектебінде облыстық құрылымдастыру кеңесінің  ұйымдастыруымен «Баршаға бірдей мүмкіндік» тақырыбында инклюзивті білім беруді дамытудың жолдарын қарастыру жөнінде мәжіліс болды.

Бүгінгі таңда  инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде  белгілі себептермен ақыл-ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Сондықтан да, әр мүмкіндігі шектеулі оқушының даму деңгейі мен жас ерекшелігін ескере отырып тәрбиелеу қажет.
Осы орайда, бірнеше  аудандардан мұғалімдер жиналып, өзара тәжірибе алмасты. Қорытындылай келгенде, ұстаздар қауымы кемтар балалар білім беру жүйесінде ешқандай кедергілерге тап болмас үшін  теория мен тәжірибенің өзара үндестігін табу қажет деп бірауыздан шешті. Бұдан соң  Амангелді орта мектебінің педагог-психологы  Айнұр Жиенбаева қатысушылармен тренинг өткізіп, мектеп оқушылары қонақтарға шағын концерт қойды.

Айнұр СЕКЕРБАЕВА,
Қызылту орта мектебі
 директорының  тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары.

Жантек ауылы,
Қорғалжын ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар