Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Музейге тарту - АРҚА АЖАРЫ

Музейге тарту

«Әдебиет пен өнер» музейінің қорына Көкшетау қаласының тұрғыны, белгілі қылқалам шебері, мүсінші Манарбек Бұрмағанов  Қазақ хандығының  550 жылдық мерейтойына орай,  «Ұран», «Қобыз  сарыны» атты  майлы бояумен салынған картиналарын және гипстан жасалған «Үкілі Ыбырай» портретін тарту етті.

Жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын оятып, қазақ елінің тарихына деген құрметін арттыратын  бұл сыйлықтың жалпы көрерменге берері мол. Жұртшылық мүсіншінің  туындыларымен 2001 жылдан бері таныс. Көкшетау қаласындағы Қажымұқан спорт кешенінде орнатылған Қажымұқан бюстісі, «Алатау» сауда үйіндегі Алтын адам мүсіні оның шеберлігінің айқын дәлелі. Туындыларын облыс орталығында ғана емес, аудандарда да кездестіруге болады. 2008-2009 жылдары Ақмола облысының 70 жылдығы мен Көкшетау қаласының 185 жылдығына арналған «Кең байтақ елім менің!» атты жеке көрмесін халық назарына ұсынды. Абылай ханның 300 жылдық мерейтойы қарсаңында шебердің жиырмадан астам еңбектері облыстық өлкетану музейінің көрме залына қойылып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Қылқаламмен суреттерге жан бітіре білген суретшіге «қолы білген құм үстінен кеме жүргізер» дегендей, өміріне өнерін жолдас етіп, қиялыңның биік шыңына шыға бергей демекпіз.
Сара ҚОЖАХМЕТОВА,
 «Әдебиет және өнер» музейінің
 қор қызметкерлері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар