Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қоңды малдан табыс мол - АРҚА АЖАРЫ

Қоңды малдан табыс мол

Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздің жылына 60 мың тонна етті экспортқа шығаруы жөнінде айтылған. Оның біраз бөлігі Ақмола облысының  үлесіне тиесілі. Сондықтан,  кейінгі кезде шортандылықтар мал шаруашылығы саласына да көбірек көңіл бөлуде.

Тоқсаныншы жылдары Новокубанка селосында табын-табын ірі қара бағылатын. Кейін мал басы күрт азайды. Нарықтың жайын түйсініп, етек-жеңін жиған ел енді мал басын көбейтуді көздеп отыр. Мұнда суыққа төзімді, етті қазақтың ақбас сиырларын өсіру қолға алынған. Жуырда шаруашылыққа Атбасар ауданындағы «Бастау» серіктестігінен 53 бұзау әкелінді. Қазір аудан бойынша 5 шағын, 1 ірі мал бордақылау алаңы, бір тауарлы сүт фермасы мен 3 қасапхана жұмыс істеп тұр. «Ақнұр» шаруа қожалығы мал қоралары құрылысын аяқтады. Қазақтың ақбас
сиырларын сатып алуда. Біз «Новокубанка» серіктестігінде болып, шаруашылықтың жай-жапсарымен таныстық. Мұндағы мал бордақылау алаңы 1300 ірі қараға арналған. Кеңес дәуірінде пайдаланылған мал қоралары сырттай қарағанда жаңа салынғандай болып көрінеді.  Ескі қоралар күрделі жөндеуден өткізіліпті. Үш жаңа қора салынған. Астына тақтай төселген қорада жататын, күндіз шарбақта арқасына күн сәулесі түсетін Зеңгібаба тұқымы етті де тез жинайды. Айтпақшы, бордақылауға алынған мал асыл тұқымды емес. Жергілікті сиырлар.
– Бабын тапсаң бұл тұқымнан да көп пайда көресің, – дейді серіктестіктің өндіріс жөніндегі директоры Яков Бельц. – Жыл сайын 1,5 миллион тонна ірі қара мал етін Аргентина мен Бразилиядан тасымалдайтын Ресей енді ішкі нарыққа қажетті еттің бір ширегін Қазақстаннан сатып алуға ниетті. Жақын көршімен алыс-берісті ұлғайту екі жаққа да тиімді. Дегенмен, ет экспортын көтеру үшін мал бордақылау алаңдарын ұлғайту қажет. Кеңес шаруашылығынан қалған ірі қара мал басын көбейтіп келеміз. Бүгінгі таңда мұнда етті ірі қара малдар бағылады. Оның тең жартысы сауын
сиырлар. Шетелден барып 5-7 мың долларға асыл тұқымды мал әкелуді жөн көрмедік. Тек қана Герефорд тұқымдас мал мен жиырма бас қазақтың ақбас бұқасын сатып алдық. Келешекте мал басын үш мың басқа жеткізуді және қазақтың ақбас тұқымды мал шаруашылығы мәртебесін алуды көздеп отырмыз. Асыл тұқымды малдың салмағын 600 келіге дейін жеткізуге болады. Өткен жылы ет өнімдерін экспортқа шығарып, мол пайда таптық. Мемлекет мал шаруашылығын дамытуды қолға алып, жан-жақты қолдау көрсетуде. Сондықтан, Қазақстанның жылына 60 мың тонна ет өнімдерін экспортқа шығару жоспары орындалатынына сенімдімін, – дейді ол.
Мал басын асылдандыруды дамыту бағдарламасы бойынша 540 бас малдың әрбіреуіне 18 мың теңге, 53 асыл тұқымды бұзаудың әр басына 20 мың теңге демеу қаржы төленген. Келесі жылы шаруашылықтың асыл тұқымды малы көбейіп, мәртебесі артпақшы. Биыл кәсіпорын жемшөптің біржарым жылдық қорын дайындапты. Мал бордақылау алаңында он адам жұмыспен қамтылған. Бұлар мал күтімінің қыр-сырын жетік меңгерген. Құрама жемді дайындау, малдың орнын тазалау міндетін жауапкершілікпен орындайды. Ірі қара малды бордақылау оңай шаруа емес. Сондықтан да, шаруашылықта мал азығын дайындауға көңіл бөлінеді. Өйткені, жемнің жеткілікті қоры жасалмаса, онда қыс пен ерте көктемде мал жүдеп, шаруашылық шығынға батады. Осындай келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында шаруашылық құрама жемшөп сақтайтын орынды салып та қойды. Биыл серіктестік 2 мың тонна шөп, 2 мың тонна сабан маялады. Бір мың тонна құрама жемшөп дайындады. Ол әр ірі қараға тәулігіне 4 келіден беріледі. Жер үлескерлеріне бір тонна шөп, осындай мөлшерде сабан мен арпа берілді.
Әрі серіктестік болашақта мемлекеттік бағдарлама арқылы асыл тұқымды бұқа алып, ірі қара санын көбейтпекші. Себебі, несие қолжетімді. Алу шарттары оңай. Кепілдік қоюға мүлік те бар. Ал, мұнда жеңілдетілген несие өнім құнын төмендетуге септігін тигізеді. Мал өсіріп жан бағу бір басқа да, мал бордақылап еліміздегі ет өндірісіне үлес қосу бір бөлек. Әлемде азық-түлік тапшылығы сезілді. Қазіргі дағдарыс кезінде ірі қараны ондап, жүздеп емес, мыңдап өсіргендер ұтады. Осы орайда, серіктестік мал бордақылау алаңын кеңейтпек. Мұнда 300 жылқы бағылады. Бизнес-жоспар сәтті жүргізілсе, қосымша жұмыс орындары ашылады. Ал, жалпы алғанда келешегі кемел бұл іс ет экспортына оң септігін тигізеді. Себебі, жыл сайын мал бордақылаудың бабын тапқан кәсіпкерлер көбеюде.

Рамазан ТІЛЕУОВ
Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар