Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сағындым сағым жылдар, өттің-ау, ағып жылдар... - АРҚА АЖАРЫ

Сағындым сағым жылдар, өттің-ау, ағып жылдар…

 «Көкшетау» мәдениет сарайында облыс әкімі Сергей Кулагин қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау айлығы аясында өткізілген облыстық көркемөнерпаздар байқауының гала-концертіне қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

  Гала-концертке Көкшетау, Степногорск қалалары мен облыс аудандарының ұжымдары қатысты. Облыс әкімі Сергей Кулагин өз сөзінде аға ұрпақтың белсенділігіне ризашылығын білдірді.
– Ардагерлер – біздің болашағымызды айқындап берген асыл жандар. Сіздердің асқан ерлік пен ерен еңбекке толы өнегелі  өмір жолдарыңыз тәуелсіз еліміздің тарихына алтын әріппен жазылған. Ел дамуына сүбелі үлес қосып, ұрпақ тәрбиесіне баса назар аударып жүрген қарттарды құрметтеу – біздің басты міндетіміз. Сіздердің еңбектеріңіз ешқашан ұмытылмайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қарттарды әрдайым қамқорлығына алып, еліміздің нағыз патриоттары деп құрметтейді, – дей келе, облыс әкімі осынау шараны ұйымдастырған облыстық ардагерлер кеңесіне  500 мың теңгенің сертификатын тапсырды.
 Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов өңірімізде қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау саласында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Баяндамашының айтуынша, облысымызда жүз бес мың зейнеткер бар. Оның 187-cі  Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ал, жиырма бес мыңы жарымжан адамдар. Олар тұрақты түрде әлеуметтік төлем түрінде материалдық көмек алып отырады. Жалпы алғанда, өңірде 111 миллион теңге қаржыға қырық мың адамға әлеуметтік көмек көрсетілетінін атап өту қажет. Рухани демеу де аз емес. Нұрлан Нұркенов ардагерлер ұйымдарының көркемөнерпаздар байқауы  мейірімділікке, қайырымдылыққа, бірлікке шақыратынын атап өтті.
Концерттің шымылдығын  әнші, сазгер Иран сал Тасқара арнау әнімен ашып, көпшілік қауымның  құлақ құрышын қандырды. Содан соң  Көкшетау қаласы, Бурабай, Аршалы, Сандықтау, Целиноград, Зеренді, Бұланды, Шортанды, Астрахан және  Ерейментау аудандарының халықтық ардагерлер хорлары мен фольклорлық ансамбльдері өнер көрсетті. Сахна төрінде жеке орындаушылар мен дуэттер нақышына келтіре әндер орындап,  көрермендердің ықыласына бөленді.
Гала-концерт соңында облыс әкімі мен облыстық мәслихаттың, облыстық басқармалар мен департаменттердің атынан «Белсенді өмірлік ұстанымы үшін», «Үздік вокалдық топ», «Қанатты ән», «Шабыт», «Ән қазына», «Асқақ ән», «Елім менің», «Асыл мұра» сияқты бірқатар аталымдар бойынша таңдаулыларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

Ырысгүл АШУОВА

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар