Облыстық филармонияда «В.Моцарт реквием» атты хор әндерінің кеші көрермендер назарына ұсынылды.
Мұнда Валерия Болиева, Махаббат Мұхамеджанова, Александр Красиков және Серікболсын Бекмолдин сынды жезтаңдай әншілер симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен ән шырқады. Сондай-ақ, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының хоры отандық, шетел композиторларының туындыларын орындады.
Айта кетерлігі, концертке әнсүйер қауым көп жиналды. Бәрі әнді тапжылмай ұйып тыңдады. Көрермендерді дүр сілкіндірген осындай сазды кештер жиі ұйымдастырылып отырса нұр үстіне нұр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.