Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қыс қыр астында - АРҚА АЖАРЫ

Қыс қыр астында

Ақмола Медиа орталығында өткен баспасөз мәслихатында биылғы жылу беру маусымының барысы жөнінде әңгіме қозғалды.

  Биылғы жылы еліміздің облыс орталықтары  бойынша Көкшетау қаласында жылу бірінші болып берілді. Бұған дайындық тыңғылықты жүргізілді. Осы мақсатта қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына  324 миллион теңге қаражат бөлініп,  коммуналдық саланы жаңғырту және қысқы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізілген болатын. Сондай-ақ, дер кезінде облыстық бюджеттен 500 миллион теңге көлеміндегі қаржының бөлінуі жұмысты ширата түсті.
– Жылу беру маусымына ерте бастан дайындалдық. Мамыр айында басталған күрделі жөндеу жұмыстары  қыркүйек
айында толық аяқталды. Қажетті отын және көмір қоры да жеткізілуде. Бүгінгі күні осы ауқымды жұмыстардың нәтижесінде қала қыстан қысылмай шығады деп қорықпай айтуға болады, – деді өз сөзінде Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолау-шылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Лашынтай Дүйсенов. Сонымен қатар, ол жыл басынан бері облыс орталығындағы бірқатар көшелерге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілгенін де атап өтті. Абай көшесінің бойында тротуар мен «Көкшетау» қонақ үйінің алдында автотұрақ салынды. Құрылыс жұмыстарын бас мердігер «Көкшетау жолдары» серіктестігі қолға алды. Құрылыс жұмыстары үш кезең бойынша жүзеге асырылды. Ол үшін бюджеттен 195 миллион теңге қаржы бөлінді.Сондай-ақ, Қ.Сәтпаев, Жеңіс, Кенесары, М.Ғабдуллин және Набережная көшелері де жөнделіп, жаңартылды.
– Әсіресе, көшелер жөнделіп қана қоймай, жол бойына ағаш, гүл отырғызу сияқты абаттандыру жұмыстары да ойдағыдай жүргізілді, – деді Лашынтай Дүйсенов одан әрі.
Баспасөз мәслихаты барысында қаланы сумен қамтамасыз ету және тазалық, лифтілерді жөндеу мәселесі де назардан тыс қалмады. Бұл жөнінде әр салаға жауапты қаланың коммуналдық қызмет мекемелерінің басшылары жан-жақты баяндап, журналистердің қойған сұрақтарына толыққанды жауап берді.

 

Аслан ОСПАНОВ

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар