Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Достық ықылас - АРҚА АЖАРЫ

Достық ықылас

Сейсенбі күні Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының Төтенше және өкілетті Елшісі Мачей Ланг бастаған делегация мүшелерінің Ақмола облысына жұмыс сапары одан әрі жалғасты.

Құрметті меймандар Көкше-таудағы Достық үйінде болып, жергілікті этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті. Жылы жүзді жүздесуде тараптар екіжақты мәдени байланысты нығайту жөнінде пікір алмасты.
 Меймандар осындағы этномәдени бірлестіктердің жұмысымен таныса келе,  поляк халқының дәстүрі, мәдениеті және тілін дамыту бағытында жұмыс істеп жатқан Ақмола облысы поляктарының қоғамдық бірлестігінің қызметі туралы мағлұмат алды. Бұл жөнінде дөңгелек үстел басындағы кездесу барысында бірлестік төрағасы Александр Суховецкий баяндап берді.
Оның айтуынша, Ақмола облысының аумағында 8 мыңнан астам  поляк өмір сүрсе,  оның  екі  мыңнан астамы Көкшетау қаласында, сондай-ақ, Астрахан және Шортанды аудандарында  үш мыңға жуық поляктар тұрады. Поляктардың салт-дәстүрі, тілі және мәдениетін дамыту бағытында жұмыс істейтін Ақмола облысы поляктарының, Бурабай аудандық «Полония Пулноцна» және Шортанды аудандық «Поляне» қоғамдық бірлестіктері және  Астрахан ауданындағы «Полония» Польша ұлттық-мәдени орталығы тіркелген.
Олардың ішінде республикалық және облыстық деңгейде белсенді жұмыс істеп келе жатқан Ақмола облысы поляктарының бірлестігін атап өткен жөн. Александр Суховецкий төрағалық ететін бірлестік Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясымен және өзге де этномәдени орталықтармен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс істейді. Түрлі конференциялар мен көрмелер және дөңгелек үстелдер ұйымдастыруда. Әрі облыстық ақпараттық-насихаттау тобына кіреді.  
Қоғамдық бірлестік жанында «Поляне» фольклорлық ансамблі мен поляк тілін оқыту ісі ұйымдастырылған.  Польша елінен мамандар арнайы келіп, 15 жыл бойы балалар мен ересектерге поляк тілінде дәріс оқуда. Сонымен қатар, жыл сайын Көкшетау қаласында «Поющая Полония» республикалық поляк әндерінің фестивалін өткізу дәстүрге айналған.
–Қазақстанда барлық ұлт өкілдеріне өздерінің ұлттық тілі мен мәдениетін дамытып, салт-дәстүрлерін насихаттауға мемлекет тарапынан жағдай жасалынған. Сондықтан,  еліміздегі барлық этномәдени бірлестіктер кең байтақ қазақ елінің өркендеп дамуына өз үлестерін қосуда. Биылғы жылдың Ассамблея жылы деп аталуының өзінде үлкен мән жатыр. Бүгінгі күні әлем Қазақстанды достығы жарасқан ел ретінде таниды. Қазақстаннан көп елдер үлгі алуға ынталы, – деді өз сөзінде Александр Суховецкий. Ал, бұған:
– Польша елінде қазақ диаспорасы қолдауға ие болып отыр. Польша қазақтарының одағы құрылған. Қазақстанға деген шынайы құрметтің белгісі ретінде Варшаваның ең әдемі көшелерінің біріне Қазақ көшесі деген атау берілген. 2011 жылы Польша Республикасы Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуін қолдаған болатын.  Бүгіндері Қазақстан мен Польша елдерінің достығы берік. Алдағы уақытта осы сенімді одан әрі нығайта беретін боламыз, – деп  Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының Төтенше және өкілетті Елшісі Мачей Ланг өз ризашылығын білдірді.

«Арқа ажарының»
өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар