Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өмірдің күңгірт жағы - АРҚА АЖАРЫ

Өмірдің күңгірт жағы

Қазір Алла үйіне бара қалсаңыз қауға сақалды, шалбарларының балақтары қысқа діндарларды көп көресіз. Дені жастар.

Шын мәнінде бұлар кім? Түпкі ойлаған мақсат-мүддесі не? – деген сұрақтар көптен бері көңілімді күпті қылып жүр.
Өздерін Алла жолындағы нағыз мұсылманға санайтын мұндай дін өкілдерінің қазір жыл сайын қатарлары толығып жатыр. Бейресми деректерге сүйенсек, еліміздің 500 мыңға жуық тұрғыны осындай ағымдардың шырмауына іліккен.
Қазақта «ауруын жасырған өледі» деген ұлағатты сөз бар. Бұл – қоғамның ащы шындығы. Тіпті, мұның артында бүтіндей бір елдің тағдыры тұр. Бұл мәселеге көз жұма қарауымызға болмайды.
Қаймағы бұзылмаған қазақи дәстүрге бай, әрқашан баба жолын ұстап келе жатқан ел едік. Әке-шешесінен безініп, Сирия асып кеткен жандардың қазіргі күйі қандай қорқынышты, қандай қателік десеңші.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, бізге қазіргі кездегі ең керегі қоғам тыныштығы. Бәрінен де «іштен шыққан жау жаман» дейді бабаларымыз. Бір сәттік жастық желікпен өмір-бақи өкініштен өзегі өртенбесе екен жастарымыздың…

Қонысбай ҚАЛИЛАЕВ,
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау
педогогикалық университетінің студенті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар